
5.
АБАЙЛАҢЫЗ
Шпиндель
бекіткішінің
түймесін тек шпиндель айналуы толығымен
тоқтағаннан кейін басуға рұқсат етіледі.
Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
6. Қыспа кілттің көмегімен қыспа гайканы бекемде-
ңіз және шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
7. Қосу алдында құралдың дұрыс орнатылғанын
және оның еркін айналуын тексеріңіз.
8. Алмалы-салмалы аспапты шешу үшін сәйкес
әрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6.4 Редукторды бұру
3
НҰСҚАУ
Кез келген күйде қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс істеу
үшін (мысалы, бастың үстінде), рекдторды төрт рет 90
º бұрышқа бұруға болады.
1. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.
2. Аспапты тазалаңыз.
3. Аспаптан бүйірлік тұтқышты алыңыз.
4. Редуктордың төрт бұрандасын бұрап алыңыз.
5. Редукторлық механизмді аспаптан алмай қажет
күйге бұрыңыз.
6. Редуктордың төрт бұрандасын бұраңыз.
7. Піспек тоқтатқышын орнатыңыз.
7 Қызмет көрсету
ҚАУІПТІ
Қорғауыш
құлаққапты
киіңіз.
Шу
әсерінің
нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жаңа тегістеу аспабын орнатылған аспапқа
жүктемесіз ең көп айналу жиілігінде шамамен 60
секунд жұмыс істетіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тірек қабырғаларында және басқа құрылыстарда
тесіктерді жасау олардың беріктігін өзгертеді,
әсіресе
арматураны
немесе
ұстап
тұратын
құрылыстарды кескенде.
Жұмысты бастау алдында
инженер-құрылысшыдан немесе басқа жауапты
тұлғадан кеңес алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Желі кернеуі аспаптың белгілеу кестешесінде
көрсетілген сипаттамаларға сай болуы керек. 230
В желілерінде жұмыс істеуге есептелген аспаптар
220 В кернеуі бар желілерде жұмыс істей алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кез келген жұмыстарды орындау кезінде бүйірлік
тұтқыш орнатылған болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспапты қорғауыш қаптамасыз қолдануға тыйым
салынады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Затты берік бекітіңіз. Затты бекіту үшін
струбциналарды
немесе
қыспақтарды
қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тегістеу кезінде материалдың бөліктері жан-жаққа
ұшуы мүмкін.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдала-
ныңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер аспап шаңды кетіру құралдарынсыз
қолданылса, шаң пайда болатын жұмыстарда
қорғану құралдарын қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз.
Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе
айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмыс кезінде ауыстырылатын аспаптар қызады.
Ауыстырылатын аспапты ауыстырғанда қорғауыш
қолғаптарды киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кесу
жұмыстарын
орындау
кезінде
кесу
дөңгелегін қисайтпаңыз және тым көп күш
салмаңыз.
Әйтпесе аспап тоқтауы, қайтарым пайда
болуы немесе дөңгелек бұзылуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін
саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электр құралды оңай тұтанатын материалдардың
жанында қолданбаңыз.
kk
127
Printed: 02.12.2013 | Doc-Nr: PUB / 5069459 / 000 / 02