70
ЫДЫС
KK
ЕСКЕРТУ
Адамдарды жарақаттандыру қауіп-қатері. Тығыз жабылған ыдыс жарылуы мүмкін. Тамақ
пісіруге бастамас бұрын жабық ыдысты ашу, ал дәнекерленген қапшықтарды тесіп алу
керек.
Микротолқынды пеште пайдалануға болатын және пешті пайдалану кезінде аулақ болу қажет
материалдар.
Кейбір металл емес ыдыстар пеште қолдану барысында қауіпті болуы мүмкін. Егер Сіздің
күмәніңіз болса, онда осы ыдысты келесіні орындап тексеруге болады:
Ыдысты сынау:
1 Пеште қолдану үшін қауіпсіз контейнерге 1 стақан (250 мл) салқын су құйыңыз, дәл осындай
әрекетті сіз тексергіңіз келетін ыдыспен орындаңыз.
2 Барынша қуатпен шамамен 1 минут бойы қыздырыңыз.
3 Абайлап ыдысқа қол тигізіңіз. Егер ыдыс жылы болса, онда оны микротолқынды пеште
пайдалануға болмайды.
4 Дайындау уақыты 1 минуттан артық болмауы қажет.
Микротолқынды пеште пайдалануға болмайтын материалдар
Ыдыстың түрі
Түсініктемелер
Алюминий поднос
Электр доғасы туындауының себебі болуы мүмкін.
Дайындалатын тамақты микротолқынды пеште қолдану
үшін жарамды ыдысқа қайта салыңыз.
Металл тұтқалары бар қатырма
қағаздан жасалған құты
Электр доғасы туындауының себебі болуы мүмкін.
Дайындалатын тамақты микротолқынды пеште қолдану
үшін жарамды ыдысқа қайта салыңыз.
Металл ыдыс немесе металл
жақтауы бар ыдыс
Металл микротолқынды сәулеленуді өткізбейді.
Металл жақтау электр доғасы туындауының себебі болуы
мүмкін.
Айналдыру әдісімен жабылатын
металл қақпақтар
Электр доғасы және пеште өрттің туындауының себебі
болуы мүмкін.
Қағаз қапшықтар
Пеште өрттің туындауының себебі болуы мүмкін.
Пенопласт
Егер жоғары температура белгіленетін болса, пенопласт
еріп, ішіндегі сұйықтықты ластауы мүмкін.
Ағаш
Ағаш кебеді, сондықтан пеште болған кезде шытынауы
немесе сынуы мүмкін.
Микротолқынды пеште пайдалануға болатын материалдар
Ыдыстың түрі
Түсініктемелер
Алюминий жұқалтыр
Тек қана жұқа жолақтар. Өнімдердің жеке бөліктерінің күйіп
кетуінің алдын алу үшін кішкентай тегіс бөліктерді еттің немесе
тауық етінің жұқа үлестерін жабу үшін қолдануға болады.
Егер жұқалтыр микротолқынды пештің қабырғаларына өте
жақын орналасса, электр доғасы туындауы мүмкін. Жұқалтыр
микротолқынды пештің қабырғаларынан 2,5 см ара қашықта
орналасуы қажет.
Қызартуға арналған табақ
Өндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет. Қызартуға арналған
табақтың табаны айналатын подностан 5 мм-ден кем емес
биіктікте болуы қажет. Дұрыс қолданбау айналатын подностың
жарылуына әкеп соғуы мүмкін.
Асхана ыдысы
Тек микротолқынды пеште қолдануға жарайтын ыдыс.
Өндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет.
Жарылған немесе бұдырланған ыдысты қолданбаңыз.
Шыны құтылар
Үнемі қақпағын алып тастау қажет. Тек қажет температураға
дейін тағамды жылыту үшін ғана қолдану қажет. Көптеген шыны
құтылар жоғары температураға төзбейді және жарылуы мүмкін.
Шыны ыдыс
Пеште тек ыстыққа төзімді шыны ыдысты ғана қолдану қажет.
Осы ыдыста металл жақтаулардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Жарылған немесе бұдырланған ыдысты қолданбаңыз.
Микротолқынды пеште
қыздырып пісіруге арналған
қапшықтар
Өндірушінің нұсқаулығын сақтау қажет. Металл қысқыштарды
қолданбаңыз.
Summary of Contents for AMM20BIH
Page 122: ...122 ...
Page 123: ...123 ...