ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ПЕШТІҢ ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші
мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап
бейтарап сабын қосылған жылы сумен жуып,
ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті
кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш заттарды немесе жеміргіш
ұнтақтарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар құрылғының
қаптамасын бүлдіреді.
Егер бейнебетте DEMO көрсетілсе, құрылғы
демо-режимде тұрады: "КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙДА
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК..." тарауын қараңыз.
ШАРАПТАРДЫ РЕТТЕУ
Үстіңгі бөлік:
Температураны +6 және + 11°C аралығына
қойып реттеуге болады. Бұл бөлік шарап
сақтауға, әсіресе дереу ішуге арналған қызыл
және ақ шараптарды сақтауға тамаша
жарайды. Әр түрлі температуралы жұмыс
бөліктері.
Астыңғы бөлік:
Температураны + 11 және + 18°C аралығына
қоюға болады. Бұл бөлік қызыл және ақ
шараптарды ұзақ уақыт сақтауға және
жақсарта түсуге арналған.
Бұл бөліктің температурасы ұзақ сақталған
шараптар мен толық шараптарды сақтауға
жарайды.
Шөлмектерді тығындары кеуіп қалмайтындай
етіп жатқызыңыз.
Шарапты қараңғы жерде ұстаңыз.
Тоңазытқышты жақсы жарықтандырылған
жерге қойған кезде, шараптарды жарық
сәулесінің әсерінен, ультракүлгін сәуледен
қорғау үшін есік екі қабат шыныдан жасалған.
Құрылғының шамын тым жиі немесе өте ұзақ
қосып қоймаңыз. Шарап қараңғы жерде жақсы
сақталады.
Шөлмектердің ішіндегі шарабын шайқамай,
абайлап ұстаңыз.
Шарапты сатып алған кезде берілген кеңес
немесе техникалық құжатта көрсетілген
шараптың сапасына, сақталу мерзімінің
ұзақтығына және ең оңтайлы сақтау
температурасы туралы нұсқауларды
орындаңыз.
САҚТАУҒА ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС
Шараптың сақтау уақыты оның жасына,
жүзімнің түріне, құрамындағы спирттің,
фруктоза мен танин мөлшеріне байланысты.
Сатып алған кезде, шараптың ұзақ
сақталғанын немесе уақыт өте келе
жақсаратын шарап екенін тексеріңіз.
Ұсынылатын сақтау температуралары:
• Шампан және газды шараптарды 6 және
8°C градус аралығыңда сақтау керек.
ҚАЗАҚ
69