
11
KZ
j) Қабырғалар немесе басқа көрінбейтін жерлерге "қалта кесігін" жасаған кезде аса
мұқият болыңыз.
Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымын
немесе кері соққы тудыруы ықтимал нысандарды кесіп кетуі мүмкін.
ҚОСЫМША ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1. Әрдайым шаңнан қорғайтын масканы тағыңыз.
2.
Кесу білдегін пайдалану кезінде үнемі қауіпсіздік көзілдірігін тағып жүріңіз. Күнделікті
өмірде тағылатын көзілдіріктердің линзасы тек соққыға төзімді болады; олар қауіпсіздік
көзілдіріктері ЕМЕС. Бұл ережені орындау ауыр жарақат алу қаупін болдырмайды.
3.
Ұзақ уақыт бойы жұмыс істесеңіз, есту мүшесін қорғау бұйымын тағып жүріңіз. Бұл ережені
орындау ауыр жарақат алу қаупін болдырмайды.
4.
Қолдарыңызды кесу аймағына жақындатпаңыз. Кесіліп жатқан материалдың астыңғы
жағына қолдарыңызды созбаңыз, себебі кесу жүзінен қолыңыздың қаншалықты алыс
екенін көру мүмкін емес.
5.
Өтпейтін немесе зақымдалған ара жүздерін пайдаланбаңыз. Майысып қалған жүздер оңай
сынып кетуі немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
6.
Жасырын қуат кабельдерін және құбырларды кесіп кетпеу үшін қабырғаны, еденді және
төбені үнемі тексеріп шығыңыз.
7.
Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін, сыртқы металл бөлшектер және керек-жарақтар қызып
тұруы мүмкін.
8. Ара жүзі қозғалысын тоқтатқаннан кейін ғана оны кесілген жерден шығарып алыңыз.
9.
Араның дірілдеуін, жүзінің серпілуін және сынып кетуін болдырмау үшін айналып жатқан
жүз табанын кесіліп жатқан материалға қарай қатты бағыттап ұстау қажет.
10. Кесуден бұрын, кесу сызығында шеге, бұранда, т.б. заттардың болмауын тексеріңіз.
11. Мүмкін болса, өңделетін өнімнің қозғалуын болдырмау үшін оны қатты бекітіп қойыңыз.
12. Ара жүзінің бүйірінен қысым түсіру арқылы оны тоқтатуға болмайды.
ЕСКЕРТУ:
Электр құралымен кесу кезінде пайда болатын кейбір шаң бөлшектері қатерлі ісік,
туу кемістіктерін тудыратын немесе репродуктивті денсаулыққа зиян тигізетін химиялық заттар
бар. Бұл химиялық заттардың кейбіреулері төменде берілген:
• Уытты материалдар қоспасы бар бояудан туындайтын қорғасын.
• Кірпіш пен цемент және басқа қабырға блоктарынан туындайтын кварц.
•
Химиялық түрде өңделген, кесілген ағаш материалдан пайда болатын күшән және хром.
Жұмыстың осы түрін қаншалықты жиі орындауға байланысты, бұл химиялық заттардың
ағзаға әсер ету ықтималдығы әртүрлі болады. Бұл химимялық заттардың әсер ету деңгейін
төмендету үшін:
• Жақсы желдетілетін жерде жұмыс істеңіз.
•
Микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы дайындалған шаңнан қорғайтын
маскалар сияқты мақұлданған қауіпсіздік жабдықтарын пайдаланып жұмыс істеңіз.
БАТАРЕЯ БЛОГЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША
ЕСКЕРТУЛЕР
a) Батарея блогын немесе ұяшықтарды бөлшектеуге, ашуға немесе бөліктеуге болмайды.
b) Батарея блогын қысқа тұйықтамаңыз. Батарея блоктарын қорапта немесе жәшікте қалай
болса солай сақтамаңыз, себебі олар бір-бірін қысқа тұйықтауы мүмкін немесе өткізгіш
материалдармен қысқа тұйықталады. Батарея блогын пайдаланбаған кезде, оны бір
клеммадан басқасына қосылуына себеп болуы мүмкін қағаз қыстырғыштар, тиындар,
кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты басқа да ұсақ металл заттардан алшақ ұстаңыз.
Батарея клеммаларының бірге тұйықталуы күйіп қалуға немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
c) Батарея блогын жылуға немесе отқа жақындатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
Summary of Contents for 3 276005 143937
Page 2: ...2 1 2 3 4 5 6 7 9 10 8 11 13 16 12 14 15 17 18 ...
Page 3: ...3 A C C1 B1 B2 D1 D2 E2 E1 E3 E4 E5 1 2 ...
Page 26: ...26 KZ ...
Page 50: ...50 RU ...
Page 70: ...70 EN ...
Page 71: ......