107
Қазақ тілі
ұстаңыз.
Бос киім, зергерлік бұйымдар немесе
ұзын шаш қозғалатын бөліктерде тұрып қалуы
мүмкін.
•
Шаңды шығарып алу және жинау құралдары
қамтамасыз етілген болса, бұларды қосуды
және тиісті түрде пайдалануды қамтамасыз
етіңіз.
Шаң жинауды пайдалану шаңға қатысты
қауіптерді азайтады.
•
Құралдарды жиі пайдаланудан алынған
таныстықтың сізді масаттануға және құрал
қауіпсіздігі принциптерін елемеуге әкелуіне жол
бермеңіз.
Абайсыз әрекет секундтың бір бөліінде
ауыр жарақаттауы мүмкін.
•
Ескерту!
Пайдалану кезінде электр құралдар
электромагниттік
өріс
тудырады.
Кейбір
жағдайларда бұл өріс белсенді немесе пассивті
медициналық имплантаттарға кедергі келтіруі
мүмкін. Ауыр немесе өлімге әкелетін жарақатты
болдырмау үшін медициналық имплантаттары
бар адамдарға осы электр құралды пайдалану
алдында дәрігермен және медициналық имплантат
өндірушісімен кеңесу ұсынылады.
Электр құралды пайдалану және күту
•
Психофизикалық немесе ақыл-ой қабілеттері
төмен адамдар, сонымен бірге балалар бұл
электр құралды тек қауіпсіздігіне жауапты адам
қадағаласа немесе электр құралды пайдалану
туралы нұсқаулар берсе, пайдалана алады.
•
Электр құралға күш түсірмеңіз. Жағдайға
сай дұрыс электр құралын пайдаланыңыз.
Дұрыс электр құралы өзі арналған жылдамдықпен
жұмысты жақсырақ және қауіпсіздеу орындайды.
•
Қосқыш қоспаса және өшірмесе, электр
құралды пайдалануға болмайды.
Қосқышпен
басқару мүмкін емес кез келген электр құрал қауіпті
және жөнделуі керек.
•
Кез келген реттеулерді жасау, қосалқы
құралдарды
ауыстыру
немесе
электр
құралдарды сақтауға қою алдында ашаны қуат
көзінен және / немесе батареялар жинағын
электр құралдан ажыратыңыз.
Мұндай алдын-
алуға арналған сақтық шаралары электр құралының
кездейсоқ іске қосылуы қаупін азайтады.
•
Жұмыссыз тұрған электр құралдарын
балалардан аулақ ұстаңыз және электр
құралмен немесе осы нұсқаулармен таныс
емес адамдарға электр құралын пайдалануға
рұқсат етпеңіз.
Электр құралдар оқытылмаған
пайдаланушылардың қолдарында қауіпті болады.
•
Электр құралдарына техникалық қызмет
көрсетіңіз. Қозғалатын бөліктердің қате
туралануы немесе тұрып қалуы, сынған
бөліктер және электр құралдың жұмысына
әсер етуі мүмкін кез келген басқа жағдай бар-
жоғын тексеріңіз. Зақымдалса, пайдалану
алдында электр құралын жөндетіңіз.
Көп
сәтсіз жағдайларды нашар техникалық қызмет
көрсетілетін электр құралдары тудырады.
•
Кесу құралдарын өткір және таза күйде
ұстаңыз.
Тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетілетін, үшкір кесу жиектері бар кесу
құралдарының тұрып қалу ықтималдығы азырақ
және оларды басқару оңайырақ.
•
Электр құралын, қосалқы құралдарды және
құралдың кескіштерін, т.б. Осы нұсқауларға
сай, жұмыс жағдайларын және орындалатын
жұмысты ескере отырып пайдаланыңыз.
Электр құралды көрсетілгеннен басқа әрекеттер
үшін пайдалану қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.
•
Тұтқаларды және ұстайтын беттерді құрғақ,
таза және май емес күйде ұстаңыз.
Жылпылдақ
тұтқалар және ұстайтын беттер күтпеген
жағдайларда құралды қауіпсіз ұстауға және
басқаруға мүмкіндік бермейді.
•
Электр құралды пайдаланғанда қосымша
тұтқаны дұрыс ұстаңыз. Бұл электр құралын
басқарғанда пайдалы. Сондықтан дұрыс ұстау
сәтсіз жағдайлардың немесе жарақаттардың қаупін
азайтады.
Қызмет көрсету
•
Электр құралына білікті жөндеу маманы
түпнұсқалық
ауыстыру
бөлшектерін
пайдаланып қызмет көрсетуі керек.
Бұл электр
құралының қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
•
Майлау және қосалқы құралдарды ауыстыру
туралы нұсқауларды орындаңыз.
Электр құралды пайдалану кезіндегі
қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Жұмыс басталғанға дейін
•
Жұмысты бастау алдында электр құралды
міндетті түрде жерге қосу түйіспесі арқылы тиісті
түрде жерге қосылған розеткаға қосу керек.
•
Айналу арақатынасы электр құрал шпинделінің
айналу арақатынасынан үлкенірек тегістеу
дискілерін пайдаланыңыз. Өндірушінің құралдарды
және қосалқы құралдарды пайдалануға қатысты
ұсыныстарын орындаңыз.
•
Жарықтары, сынықтары, пішіні өзгерулері бар
тегістеу дискілерін, сонымен бірге, электр құралда
артық дірілді тудыратын тегістеу дискілерін
пайдаланбаңыз.
•
Тегістеу
дискілерін
соққыдан
қорғаңыз,
майлануын болдырмаңыз.
•
Өлшемдері (сыртқы диаметрі және тесік
диаметрі) ұсынылғандардан басқаша тегістеу
дискілерін пайдаланбаңыз.
•
Қорғау құрылғылары ажыратылған күйде
ешқашан жұмыс істемеңіз. Зақымдалған қорғау
құрылғыларын бірден ауыстыру керек.
Жұмыс кезінде
•
Дайындаманы тегістеу дискіне диск ең үлкен
айналу жылдамдығына жеткенде ғана тигізіңіз.
•
Тегістеу дискісінің бүйірлік бетін тегістеу үшін
пайдаланбаңыз.
•
Қуат берілген кезінде электр құралының
қозғалтқышын тоқтатпаңыз.
•
Электр құралы жұмыс істеп жатқан кезде заттың
кері тебуінен (кенет артқа итеру) сақ болыңыз. Кері
тебуді пайдалану туралы ұсыныстарды орындамау,
затты тегістеу дискісіне тым тез тигізу, т.б. тудыруы
мүмкін. Кері тебу қаупін барынша азайту үшін
электр құралды пайдалану кезінде ұсыныстарды
әрқашан орындаңыз.
•
Электр құралды пайдалану кезінде тік тұрыңыз
және затты екі қолмен тірек тақтасында ұстаңыз.
•
Қолдарды айналатын тегістеу дискілерінен
қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз және оларға ешқашан
тимеңіз, әйтпесе, бұл ауыр жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
Summary of Contents for CT13545
Page 1: ......
Page 5: ...5 ...
Page 6: ...6 ...
Page 7: ...7 ...
Page 8: ...8 ...
Page 111: ...111 ...
Page 112: ...112 ...
Page 113: ...113 ...
Page 114: ...114 ...
Page 115: ...115 ...
Page 116: ...116 ...
Page 117: ...117 ...
Page 118: ...118 ...
Page 119: ...119 ...
Page 120: ...120 ...
Page 121: ...121 ...
Page 122: ...122 ...
Page 123: ...123 ...
Page 124: ......