![COOLFORT CF-0835 B Manual Instruction Download Page 14](http://html1.mh-extra.com/html/coolfort/cf-0835-b/cf-0835-b_manual-instruction_2661053014.webp)
ҚАЗАҚ
14
- өнімдерді суыту үшін жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқышты (4) (COLD) жағдайына
ауыстырыңыз, бұл жағдайда индикатор (8) жанады.
- өнімдерді жылы күйде сақтау үшін жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқышты (4) (HOT) жағдайына
ауыстырыңыз, бұл жағдайда индикатор (7) жанады.
Тоңазытқышты өшіру үшін ауыстырыпқосқышты (4) (OFF) жағдайына ауыстырыңыз жəне
штекерді автомобиль темекі тұтандырғышының ұяшығынан шығарыңыз.
Назар аударыңыз:
- аспапта аккумулятор батареясын разрядталудан қорғайтын құрылғы бар, ол
сөндіргішті (5) ON жағдайына қою арқылы қосылады.
- аккумуляторлық батареядағы кернеу 13,1 В +/-0,2 В болған жағдайда индикатор (6)
үнемі жанып тұрады, тоңазытқыш қалыпты жұмыс істейді, суыту желдеткіші
айналып тұрады.
- аккумуляторлық батареядағы кернеу 11,7 В +/-0,2 В болған жағдайда индикатор
жыпылықтай бастайды, тоңазытқыш өшеді, суыту желдеткіші айналмайды.
Назар аударыңыз:
- автомобильдегі қорек сымының штекері (18) қысқа тұйықталудан қорғалған.
- балқымалы сақтандырғышты айырбастау үшін қорғау қақпағын сағат тіліне қарсы
бағытта бұрап, шешіңіз
- айқыш бұранданың көмегімен бұрандалы шегені бұрап шешіңіз
- корпустың жарты бөліктерін ашыңыз
- балқымалы сақтандырғышты шығарыңыз жəне айырбастаңыз
- штекерді жинаңыз
- қорғау қақпағын кигізіңіз жəне оны сағат тілі бағытында айналдырыңыз.
ЖЕЛІГЕ ҚОСУ
- 220 В желіге қосу үшін сымды (19) ұяшыққа (10 салыңыз, ал сымның ашасын розеткаға
салыңыз.
- ауыстырыпқосқышты (5) (OFF) жағдайына ауыстырыңыз.
- өнімдерді суыту үшін жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқышты (4) (COLD) жағдайына
ауыстырыңыз, бұл жағдайда индикатор (8) жанады.
- өнімдерді жылы күйде сақтау үшін жұмыс режимдерін ауыстырыпқосқышты (4) (HOT) жағдайына
ауыстырыңыз, бұл жағдайда индикатор (7) жанады.
Тоңазытқышты өшіру үшін ауыстырыпқосқышты (4) (OFF) жағдайына ауыстырыңыз жəне сым
ашасын розеткадан шығарыңыз.
Тоңазытқышты тасымалдау оңай болу үшін ол дөңгелектермен (17) жəне бірегей саппен (1)
жасақталған.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспап қалыпты жұмыс істеу үшін жақсы желдету болуы қажет.
Желдеткіш торының (2) бітелуіне жол бермеңіз, тоңазытқыштың артқы қабырғасы жəне басқа
заттар арасындағы қашықтық кем дегенде 10 см болуы қажет.
Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз. Қатты соққы аспаптың зақымдануына, бөлшектердің
сынуына жəне ішкі элементтер тізбектерінің үзілуіне алып келуі мүмкін.
Аспапты өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, жөндеу орталығына апарыңыз.
Аспапты жоғары температура жəне ылғалдылық жағдайында пайдалану кезінде аспаптың
ішінде тамшылар пайда болады. Бұл аспаптың бұзылғанын білдірмейді, тамшыларды құрғақ
шүберекпен сүртіп алыңыз.
Балаларға аспапты ойыншық ретінде ойнауға рұқсат бермеңіз.
Аспап кемпингте пайдаланылуы мүмкін. Аспапты тікелей күн сəулелерінің жəне жаңбырдың
əсеріне ұшыратпаңыз.
CF-0835.indd 14
CF-0835.indd 14
25.12.2006 15:01:29
25.12.2006 15:01:29