21
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң, бола-
шақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
•
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
•
Түзеткіш тек құрғақ және аздап дымқыл шашты
түзету үшін арналған суланған шашты немесе
синтетикалық парикті түзету үшін құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
•
Егер сіз ұйқылы-ояу күйде болсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
•
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
•
Желіге қосылған түзеткішті қараусыз қалдыр-
маңыз.
•
Құрылғыны жылытатын аспаптардың, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайда-
ланбаңыз.
•
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сиымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны ванна қабылдау кезінде пайдалан-
баңыз.
•
Суға толы ваннаға немесе қолжуғышқа түсіп кете
алатын жерлерде құрылғыны іліп қоймаңыз және
сақтамаңыз, құрылғы корпусын, желі бауын неме-
се желі бауының ашасын суға немесе кез-келген
басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады.
•
Желі бауыының ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек
желі бауының ашасынан ұстаңыз және оны электр
розеткасынан абайлап шығарыңыз, желі бауынан