
43
KZ
•
Корпустың (7) сыртқы бетін таза, шаңды сүртуге
арналған сәл дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Қақпақты (9) шешіп алыңыз, ол үшін қақпақтың
бекіткіш-тұтқасына (10) басыңыз, одан ұстаңыз
және қақпақты (9) шешіп алыңыз (сур. 1).
•
Термопот құтысының ішкі бетін таза, шаңды сүр-
туге арналған сәл дымқыл матамен сүртіңіз. Қақа-
пақты орнына қойыңыз (9) және бекіткіш-тұтқаны
(10) басыңыз.
АЛҒАШҚЫ ІСКЕ ҚОСУ
•
Термопотты қабырғадан немесе жиһаздан
термопотқа дейінгі қашықтық 20 см-ден кем бол-
майтындай, ал термопоттың үстіндегі кеңістік 50
см-ден кем болмайтындай етіп, құрғақ тегіс бетке
орнатыңыз.
•
Табандыққа (1) торды (2) орнатыңыз, табандықты
(1) орнату орнына қойыңыз (сур. 2).
•
Қақпақты (9) шешіп алыңыз, ол үшін қақпақтың
бекіткіш-тұтқасына (10) басыңыз, одан ұстаңыз
және қақпақты (9) шешіп алыңыз (сур. 1).
•
Термопот ішіне қолайлы ыдысты пайдалана оты-
рып су құйыңыз, құтының (6) ішкі бетіне салынған,
судың максималды деңгейінің «FULL» белгісі-
нен асырмаңыз. Термопотқа суды су құбыры
шүмегінен тікелей толтыруға тыйым салынады,
термопотты толтыру үшін қолайлы ыдысты пайда-
ланыңыз (сур. 3).
Ескертпе:
минералдық шөгіндінің (қақтың) көлемін
азайту үшін, судың тұрмыстық сүзгішінен тазалаудан
өткен суды пайдалану ұсынылады.
•
Қақапақты (9) орнына орнатыңыз және бекіт-
кіш-тұтқаға (10) басыңыз (сур. 1).
•
Қуаттандыру бауының ашасын (8) электр розетка-
сына салыңыз, бұл ретте дыбыстық белгі естіледі
және дисплейде барлық таңбалар көрінеді, содан
кейін тек күту режимі таңбасы (17) « » ғана
жанып тұрады, басқару панелінде (5) батырманың
(13) «Температураны таңдау» жарығы ғана жанып
тұрады.
•
Таңбалар (21) термопот құтысында (6) судың
барын көрсетіп тұрады:
- « » - термопот құтысының 3/3 көлемі суға
толтырылған.
- « » - термопот құтысының 2/3 көлемі толты-
рылған.
- « » - судың деңгейі төмен, термопот құты-
сының 1/3 көлемі толтырылған, термопот
құтысын сумен толтыру қажет, әйтпесе қыздыру
элементі қосылмайды.
•
Басқару панеліндегі (5) батырманы (12) «Старт/
қайта қайнату» басыңыз, осы ретте батырма (12)
«Старт/қайта қайнату» индикаторы жанады, таңба
(27) «
» және таңба (18) « » жанады, су қыза
бастайды, су температурасы цифрлық таңбалар
(19) арқылы көрінеді.