Қазақ |
177
Сумен суытуды жалғау
Ылғалды бұрғылау коронкалары бұрғылау кезінде
жеткілікті суымаса, алмас сегменттері зақымдалуы
немесе бұрғылау коронкасы саңылауды бұғаттауы
мүмкін. Сондықтан ылғалды бұрғылау кезінде жеткілікті
су берілгеніне көз жеткізіңіз.
Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау
коронкасын жетерлік суыту керек.
u
Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе
жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек.
Су жапқыш шүмекті
(5)
бұрап бекітіңіз. Су жеткізу
құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке
(4)
жалғаңыз.
Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек-
жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы
жеткізуге болады.
Ылғалды бұрғылау кезінде саңылаудан шығатын суды
жинау үшін су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ
сорғыш (екеуі де керек-жарақ) қажет болады.
Су жинау сақинасын суды сору үшін монтаждау
(F суретін қараңыз)
Су жинау сақинасы (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы
бөлшектер“, Бет 179)
GCR 350
алмасты бұрғылау
станинасымен және
GDB 350 WE
алмасты бұрғы
білдегімен бірге пайдалануға арналған.
Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш
қақпақта кесіп алыңыз.
Қыспа серіппені
(35)
едендік тақта
(19)
мен бұрғылау
бағаны
(21)
арасындағы саңылауға тірелгенше
жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық
бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су
жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа
серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені
жоғары қарай тартуға арналған.)
Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы
тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып,
ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың
шығып кетуіне жол бермейді.
Аспирациялық келте құбырды қажетті күйге келтіру үшін
су жинау сақинасын оның қыспа сақинасының ішінде
бұрауға болады (мысалы, көлденең саңылаулардағы су
ағынын оңтайландыру үшін). Ол үшін су жинау
сақинасындағы қыспа сақинаның құлпын ашыңыз, су
жинау сақинасын қажетінше бұрап, құлыпты қайтадан
жауып қойыңыз.
Пайдалану
Бұрғылау бұрышын өзгерту
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u
Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін
барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қалпақшалы гайканы
(17)
айналатын крестпен
(15)
босатыңыз.
Бұрғылау станинасын бұрғылау бұрышының шкаласы
(13)
бойынша қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз.
Дәл реттеу үшін қалпақшалы гайканың
(17)
жанындағы
көрсеткіні ескеріңіз.
Қалпақшалы гайканы
(17)
айналатын кресттің
(15)
көмегімен қолмен тартыңыз.
u
Бұрғылау станинасын тек бұрыш реттегішінің
қалпақшалы гайкасы (17) қайта тартылған болса
ғана орнатуға болады.
Қолданысқа енгізу
u
Желі қуатына назар аударыңыз!
Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
u
Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен,
сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен
жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз.
Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат
алып ажыратыңыз.
u
Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу
кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын
тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді
қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз.
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)
жұмысын тексеру
Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс
автоматының (PRCD)
(1)
ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін
тексеріп шығыңыз:
– Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
TEST
түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау
индикаторы сөнеді.
–
RESET
түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
керек.
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы
TEST
түймесі
басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде
қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті
Bosch
клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек.
u
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)
ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
болмайды.
Қосу
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)
(1)
RESET
түймесін басыңыз.
Су жапқыш шүмекті
(5)
өткелге орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты
(2)
1
күйіне
қайырыңыз.
Өшіру
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты
(2)
0
күйіне
қайырыңыз.
Су жапқыш шүмекті
(5)
бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында
шүмекке жалғағыш бөлшекті
(4)
су жеткізу құбырынан
ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті
(5)
ашып, қалған суды
ағызыңыз.
Bosch Power Tools
1 609 92A 4NK | (20.02.2019)