KK - 115
Мұз науасы
(Кей үлгілерде)
• Мұз науасына су толтырып, оны мұздатқыш бөлікке салыңыз.
• Су толығымен мұзға айналғанда, мұз текшелерін шығару үшін төменде
көрсетілгендей науаны бұрап жіберуіңізге болады.
Салқындатқыш сөресі
(Кей үлгілерде)
Азық-түлікті мұздатқыш немесе тоңазытқыш бөліктерінде сақтағаннан гөрі
Салқындатқыш сөреде сақтау - азық-түліктердің сыртқы түрін балғын күйде
сақтап, әрі оның дәмі мен балғындығын ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді.
Салқындатқыш науасы ластанғанда, оны шығарып алып, сумен жуыңыз.
(Су 0°C-та қатады, бірақ құрамында тұз немесе қант бар өнімдер бұдан
төмен температураларда қатады)
Әдетте салқындатқыш бөлігі шикі балық, аздап маринадталған өнімдер мен
күрішті, т.б. сақтау үшін қолданылады...
Мұздатқыңыз келетін өнімдерді немесе мұз қатыру үшін мұз
науаларын онда салмаңыз.
Салқындатқыш сөресін шешу
• Салқындатқыш сөресін рельстерімен сырғытып, өзіңізге қарай
тартыңыз.
• Салқындатқыш сөресін шешу үшін оны рельстерінен жоғары қарай
тартыңыз.
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш)
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш) жабық күйде болғанда, ол балғын
көкөністер мен жеміс-жидектерді ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді.
Контейнердің іші толып қалғанда, контейнердің алдында орналасқан
Humidity Control (Ылғалды басқарғыш) ашық тұруы керек. Осылайша
контейнер ішіндегі ауа мен ылғалдық деңгейі бақыланып, олардың сақталу
мерзімі ұзарады.
Егер сіз әйнек сөреден қандай да бір конденсацияны байқасаңыз, Humidity
Control (Ылғалды басқарғышты) ашық күйде қалдыру керек.
Реттелмелі есік сөресі
(Кей үлгілерде)
Реттелмелі есік сөресі арқылы азық-түлік сақтайтын қажетті бөліктерді қамтамасыз ету
үшін, оны бес түрлі биіктікке келтіріп, орнатуға болады.
Реттелмелі есік сөресінің орнын ауыстыру үшін;
Сөренің алдыңғы жағын көтеріңіз (1) де, реттелмелі есік сөресін (2) екі қолыңызбен
көтеріп, босатыңыз (1 сур.)
Есік сөресін босатар алдында оның есік деңгейінде орналасқанына көз жеткізіңіз.
Active Oxygen (Белсенді оттегі)
(Кей үлгілерде)
Active Oxygen (Белсенді оттегі) жағымсыз иіс бөлшектері мен ауадағы
шаң-тозаңды бейтараптандыратын теріс иондарды таратып, тағамды
таза, жақсы күйде сақтайды.
Тоңазытқыш ішіндегі ауадан аталған бөлшектерді жоя отырып, Active
Oxygen (Белсенді оттегі) ауаның сапасын жақсартып, иістерді кетіреді.
• Бұл функция міндетті болып табылмайды. Ол сіздің құрылғыңызда
болмауы да мүмкін.
• Ионизатордың орналасуы әр құрылғыда әртүрлі болуы мүмкін.
Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі)
(Кей үлгілерде)
Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі) технологиясы этилен газы (балғын
өнімдерден табиғи жолмен бөлінетін биоөнім) мен мұздатқыш контейнеріндегі
жағымсыз иістерді кетіруге көмектеседі. Осылайша өнімдердің балғындығы
ұзақ уақытқа сақталады.
• Active Fresh Filter (Белсенді тазалау сүзгісі) жылына бір рет тазаланып
тұруы керек. Пешті 65°C-қа қыздырып, ішіне сүзгіні салып, 2 сағатқа
қалдыру керек.
• Сүзгіні тазалау үшін, сүзгі жәшігінің артқы
қаптамасын бағыттауыш тілдің (A) бағыты
бойынша тартып, шешіңіз.
• Сүзгіні сумен немесе қандай да бір жуғыш затпен жууға болмайды.
Керек-жарақтар бөліміндегі визуалды және мәтіндік сипаттамалар құрылғыңыздың үлгісіне қарай
ерекшеленуі мүмкін.
1 сур
Active Oxygen (Белсенді оттегі)
Active Fresh Filter
(Белсенді тазалау сүзгісі)