18
ҚАЗАҚША
шығыстағы тағам, олар қуыс түтіктердің негізін
жасау үшін бірге туралады. Түтікшелер салмамен
толтырылады және фритюрде қуырылады.
Түтікшелерге арналған салмаларға тәжірибе
жасай отырып әртүрлі деликатестер дайындауға
болады. Қабыққа арналған негізді әзірлеңіз.
–
Еттартқыш бастиегін (3) орнату орнына (4)
орнатыңыз.
–
Шнекті (8) еттартқыш бастиегінің (3) корпусына
орнатыңыз, шнекке кеббе қондырмаларын (14)
орнатыңыз, қондырмадағы (14) шығыңқылардың
еттартқыш
бастиегінің
корпусындағы
ойықтармен сәйкес түсуін қадағалаңыз (сур. 9),
және сомынды (12) тартып бұраңыз (сур. 10).
–
Азық-түлікке арналған астаушаны (2)
орнатыңыз.
–
Әзірленген негізді азық-түлкке арналған
астаушаға (2) салыңыз.
–
Желілік ашаны электр розеткасына қойыңыз.
–
Ауыстырғышты (7) «
ON
» (іске қосылған) күйіне
белгілеп, еттартқышты іске қосыңыз.
–
Қабыққа арналған негізді беру үшін итергішті
(1) пайдаланыңыз (сур. 11).
–
Дайын түтіктерді қажетті ұзындықпен кесіңіз.
–
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, ауыстырғышты
(7) «
OFF
» (сөндірілген) күйіне белгілеп,
еттартқышты сөндіріңіз, және оны электрлік
желіден ажыратыңыз, және осындан кейін ғана
оны бөлшектеуге кірісіуге болады.
–
Еттартқыш бастиегін (3) шешу үшін бекіткіш
(5) басыңыз, бастиекті (3) сағат тілі бойынша
бұраңыз және оны шешіңіз.
–
Сомынды (12) бұрап шешіңіз және еттартқыш
бастиегін бөлшектеңіз.
РЕЦЕПТ
Салынды
Қой еті 100 г
Зәйтүн майы 1,5 ас қасық
Пияз (ұсақтап туралған) 1,5 ас қасық
Талғамға қарай дәмдеуіштер
Тұз 1/4 шәй қасық
Ұн 1 ас қасық немесе 1/2 ас қасық
•
Қой етін еттартқыштан бір немесе екі рет өткізіп
ұсақтап алу керек.
•
Пиязды майда сарғайғанша қуырады, одан
кейін тартылған қой етін, барлық дәмдеуіштерді,
тұзды және ұнды қосады.
Қабығы
Майсыз ет 450 г
Ұн 150-200 г
Дәмдеуіштер 1 шай қасық (талғамға қарай)
Мускат жаңғағы 1 тал.
Қызыл ұнтақталған бұрыш (талғамға қарай)
Бұрыш (талғамға қарай)
•
Етті еттартқыштан үш рет өткізеді, сонымен
бірге мускат жаңғағы да тартылады, одан
кейін барлық компоненттері араласты-
рылады.
•
Сыртқы қабықтағы көп мөлшердегі ет пен аз
мөлшердегі ұн ең жақсы консистенция мен
дайын өнімнің дәмін қамтамасыз етеді.
•
Дайын түтікшелерге салмалар салынады,
шеттерін қысып, түтікшелердің қалаған пішіні
жасалады.
•
Түтікшелер фритюрде дайындалады.
КӨКӨНІС ТУРАҒЫШ
•
Көкөніс турағыш-қондырмасының корпусын
(15) орнататын орынға (4) орнатыңыз және
оны сағат тіліне қарсы бағытта бекітілгенше
бұраңыз (сур. 12).
•
Қондырмалардың бірін (17, 18, 19) көкөніс
турағыштың корпусына (15) тірелгенге дейін
салыңыз (сур. 13).
•
Желі бауының ашасын электр розеткасына
салыңыз.
•
Ауыстырғышты (7) «ON» күйіне белгілеп,
құрылғыны іске қосыңыз.
•
Жұмыс істеген кезде тек жеткізу жинағына
кіретін итергішті (16) ғана пайдаланыңыз;
көкөністерді итеру үшін басқа заттарды
пайдалануға тыйым салынады, ешбір
жағдайда көкөністерді саусақтарыңызбен
итермеңіз.
•
Сіз жұмысты аяқтағаннан кейін, ауыстрғышты
(7) «OFF» (өшірулі) күйіне белгілеп, құрылғыны
өшіріңіз және желі бауының ашасын электр
розеткасынан шығарыңыз, және содан кейін
ғана көкөніс турағыш-қондырмасын (15)
бөлшектеуге кірісуге болады.
•
Көкөніс турағыш-қондырмасын (15) шешіп алу
үшін бекіткіш батырмасын (5) басыңыз, көкөніс
турағыш-қондырмасын (15) сағат тілі бағытына
бұраңыз және шешіп алыңыз.
•
Көкөніс
турағыш-қондырмасынан
(15)
орнатылған қондырмаларды (17, 18 немесе
19) шығарыңыз.
•
Шешілмелі бөлшектерді бейтарап жуу құралы
қосылған жылы сумен жуыңыз. Шайыңыз және
кептіріңіз.
ЕТТАРТҚЫШТЫҢ КҮТІМІ
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін ауыстырып-
қосқышты (7) «OFF» күйіне орнатып
еттартқышты өшіру керек және желілік шнур
ашасын розеткадан суыру керек.
•
Шнекті еттартқыш бастиегінен (5) шығарыңыз.
•
Бұранданы (12) бұрап алыңыз, торларды (10
немесе 11), крест тәрізді пышақты (9) шнектен
(8) шешіңіз.
IM VT-3634.indd 18
7/22/19 3:57 PM