ҚАЗАҚ
9
РАДИОСАҒАТ
БАСҚАРУ ЖƏНЕ ФУНКЦИЯЛАР
РЕТТЕГІШТЕРІ
1. Желілік сым
2. FM антеннасы
3. SNOOZE сергек ұйқы батырмасы
4. Батареяларға арналған бөлім
5. RUN/ALM/TIME сағат баптау
ауыстырыпқосқышы
6. ON/AUTO/OFF функциональды
ауыстырыпқосқыш
7. Сəулелі дисплей
8. Баптаудың айналмалы шығыршығы
9. SLEEP батырмасы
10. Радио баптау реттегіші
11. АM/FM диапазондарын
ауыстырыпқосқыш
12. Дыбыс қаттылығын/қоңырауды реттегіш
13. Проектор
14. Проекторды қосу/ажырату батырмасы
15. Проекторға арналған М минутты баптау
батырмасы
16. Проекторға арналған H сағатты баптау
батырмасы
17. Проектордың айқындылығын баптау
18. Проекторға арналған T уақытты белгілеу
батырмасы
РАДИО
1. ON/AUTO/OFF ауыстырыпқосқышын (6)
ON жағдайына қойыңыз.
2. Радио диапазондарын
ауыстырыпқосқышты (11) қажетті
диапазонға қойыңыз.
3. Радио баптау реттегішін (10) айналдыра
отырып, қажетті таратқыш стансаға
баптаңыз.
4. Реттегішті (12) бұру арқылы естілудің
дыбыс қаттылығын реттеңіз.
5. FM-диапазонында қабылдауды жақсарту
үшін, антенна сымын (2) бар ұзындығына
жазыңыз.
6. Егер сіз радионы сөндіргіңіз келсе,
ауыстырыпқосқышты (6) OFF жағдайына
қойыңыз.
АҒЫМДАҒЫ УАҚЫТТЫ БЕЛГІЛЕУ
Ағымдағы уақытты белгілеу үшін, RUN/
ALM/TIME ауыстырыпқосқышын (5) TIME
қалпына қойыңыз да шығыршықты (8)
солға (минутты белгілеу үшін) немесе оңға
(сағатты белгілеу үшін) айналдырыңыз.
Сағат бапталған соң, RUN/ALM/TIME
ауыстырыпқосқышын (5) RUN жағдайына
қойыңыз. Дисплейдегі (7) жыпылықтаған екі
нүкте тоқтауы қажет.
ПРОЕКТОРДЫҢ АҒЫМДАҒЫ УАҚЫТЫН
БЕЛГІЛЕУ
Назар аударыңыз! Дисплейде көрінетін
жəне проектор кескіндейтін ағымдағы уақыт
бөлек-бөлек белгіленуі қажет.
Проектор:
Проекторды ауыстырыпқосқышты (14)
ON жағдайына қойыңыз. T батырмасын
(18) басып тұрып, H батырмасын (16)
басу арқылы сағатты, M батырмасын
(15) басу арқылы минутты белгілеңіз.
Проекторды сөндіру үшін, проекторды
ауыстырыпқосқышты (14) OFF жағдайына
қойыңыз.
Ескерту: Қабырғаға немесе төбеге
проектор арқылы кескінделетін уақыт
қараңғы бөлмеде жақсы көрінеді.
Кескіндеудің максимальды арақашықтығы-
0,6-2,7 м. Кескіннің айқындылығын жəне
жарықтығын реттеу үшін айқындылық
реттегішін (17) пайдаланыңыз.
ОЯНУ УАҚЫТЫН БЕЛГІЛЕУ
Ағымдағы уақытты белгілеу үшін, RUN/
ALM/TIME ауыстырыпқосқышын (5) ALM
қалпына қойыңыз да шығыршықты (8)
солға (минутты белгілеу үшін) немесе оңға
(сағатты белгілеу үшін) айналдырыңыз.
Сағат бапталған кезде, RUN/ALM/TIME
ауыстырыпқосқышын (5) RUN жағдайына
қойыңыз. Дисплейдегі (7) жыпылықтаған екі
нүкте тоқтауы қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шығыршықты өте жылдам айналдырмаңыз,
өйткені сағат үлкен жылдамдықпен баптана
алмайды.
ƏУЕНМЕН ОЯНУ
1. ON/AUTO/OFF ауыстырыпқосқышын (6)
AUTO қалпына қойыңыз.
Содержание VT-3510
Страница 1: ...ENGLISH 1 ...
Страница 2: ......
Страница 14: ......
Страница 15: ......
Страница 16: ... ООО ГОЛДЕР ЭЛЕКТРОНИКС 2010 GOLDER ELECTRONICS LLC 2010 ...