IM019
www.scarlett.ru
SC-HC63C59
10
Балалар аспаппен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
Қараусыз қосылған құралды қалдырмаңыздар.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Қуат бауы бүлінген жағдайда, қатерден аулақ болу үшін оны ауыстыруды өндіруші, сервистік қызмет
немесе соған ұқсас білікті қызметкерлер іске асыруға тиіс.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық үстілерге тимеуін қадағалаңыз.
Мәшіңкені жуынғышқа және т.б. құлап түсуі мүмкін орындарға қоймаңыз және сақтамаңыз.
Қоректену бауынан тартпаңыз, оны ширатпаңыз және құрылғының тұлғасын айнала орамаңыз.
Бұйымның тұлғасындағы тесіктерге бөтен заттардың және кез келген сұйықтықтардың кіруіне жол
бермеңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқайда қоймаңыз, өйткені бұл зақым тигізуі немесе заттық залал келтіруі
мүмкін.
Тарақтарының немесе үшкірлерінің біреуі бүлінген мәшіңкені пайдаланбаңыз – бұл зақымдалуға әкелуі
мүмкін.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
НАЗАР: АЛМАСТАРЫ ҰДАЙЫ МАЙЛАҢЫЗ.
Тері бөріткенде мәшіңкені пайдаланбаңыз.
Жәндіктерді мәшіңкемен қырықпаңыз.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Өндірілген күні өнімде және/немесе қорапта, сондай-ақ қосымша құжаттарда көрсетілген.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Бірінші рет пайдаланардан бұрын машинканың кескіш жүздерін жақсылап майлау қажет.
Бірінші рет тоққа қосар алдында аккумуляторды толық разрядтау және зарядтау қажет.
Алғашқы зарядтау уақыты шамамен 8 сағатты құрайды. Әрбір келесі зарядтау уақыты – 8 сағат.
Аккумулятордың толық заряды 50 минут жұмыс істеуге жетеді.
Тіпті егер машинка пайдаланылмаса да, батареяны кем дегенде 6 айда 1 рет қайта зарядтаңыз.
Батареяны зарядтау үшін қосыңыз штекер желілік адаптер портына жалғаңыз да аспабында және usb
адаптер электр желісіне.
ЖҰМЫСЫ
Алмалы тарақты алыңыз да, бағыттауыштарды тиісті ойықтарға кіргізіп, сырт етіп түскенше ақырын
жылжытыңыз.
Тарақты жылжыта отырып, қалаған шаш қию ұзындығын таңдау үшін 24 қалыптың бірін орнатуға болады.
Сондай-ақ машинкамен тарақсыз да жұмыс істеуге болады.
Машинканы іске қосу үшін ауыстырып-қосқышты төменгі қалпына қойыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін машинканы өшіріңіз, бұл үшін режимдерді ауыстырып-қосқышты ортаңғы
қалпына қойыңыз.
СИРЕТІП ҚЫРҚУ ФУНКЦИЯСЫ
Шашты қысқартпастан көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Сиретіп қырқуға арналған тарақты бері шығару үшін ауыстырып-қосқышты үстіңгі қалпына қойыңыз.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс.
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз.
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз.
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз. Шашты
қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз.
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген.
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек.
Шашты сирететін пышақты тартып шығару үшін сиреткіш пышақты шығаруға арналған түймені
жылжытыңыз.
ТАЗАЛАУ
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы маймен
үнемі майлап отырған дұрыс.
Маймен сылағаннан кейін жүздерінің арасында майдың біркелкі таралуы үшін машинканы өшіріңіз де,
олардың біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп алыңыз.
Майлау үшін шашқа арналған майды, тоңмайларды және керосин немесе басқа еріткіштер қосылған
майларды қолдануға болмайды.
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз.
Жүздерін алып шығыңыз, бұл үшін:
-
Машинканы логотипін жоғары қаратып ұстаңыз.
Содержание SC-HC63C59
Страница 4: ...IM019 www scarlett ru SC HC63C59 4 1...
Страница 7: ...IM019 www scarlett ru SC HC63C59 7 8 50 1 6 24 ON OFF 1...
Страница 8: ...IM019 www scarlett ru SC HC63C59 8 UA SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2 0 C 2 8 8 50 1 6 24 ON OFF...
Страница 9: ...IM019 www scarlett ru SC HC63C59 9 1 KZ SCARLETT SCARLETT SCARLETT 2...
Страница 10: ...IM019 www scarlett ru SC HC63C59 10 0 C 2 8 8 50 6 1 usb 24 1...