202
Ата-ана модулі өшірулі кезде зарядтауды
бастағанымда, дисплейде батарея күйінің
көрсеткіші пайда болуы үшін неге біраз уақыт
кетеді?
•
Бұл — қалыпты жағдай. Ата-ана модулі
өшірулі кезде оны желіге қосқанда ояну үшін
бірнеше секундты қажет етеді. Ол қосылған
кезде, ата-ана модулі алдымен зарядталып
жатқанын анықтауы қажет және ол батарея
күйінің көрсеткіші көрсетілместен бұрын
батарея зарядының деңгейін өлшеуі керек.
Ата-ана модулінің қайта зарядталатын
батареялары неге жылдам таусылады?
•
Қайта зарядталатын батареялардың
қолдану мерзімі аяқталуға таяған. Оларды
ауыстыру керек. Қайта зарядталатын жаңа
батареяларды ауыстыру үшін «Қосалқы
құралдарға тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
Тоқ қуаты болмай қалғанда не болады?
•
Егер ата-ана бөлігі жеткілікті зарядталған
болса, онда ол тоқ қуаты берілмей қалғанда
да әрі қарай жұмыс істей береді. Егер нәресте
бөлігіне батареялар салынған болса да, қуат
көзінен ажыратылған ол әрі қарай жұмыс
істей береді.
Нәресте қадағалаушы жасырын тыңдаудан
және кедергілерден сақ па?
•
Осы нәресте қадағалаушының DECT
технологиясы басқа құралдардан кедергі
болдырмайды және жасырын тыңдаудың
алдын алады.
Ата-ана модулінің жұмыс уақыты 18 сағат
болуы тиіс. Менің ата-ана модулімнің жұмыс
уақыты неге қысқарақ?
•
Ата-ана модулінің батареялары алғашқы рет
толығымен зарядталғанда, жұмыс уақыты
18 сағаттан аз болады. Қайта зарядталатын
батареялар өздерінің толық сыйымдылығына
тек оларды кемінде төрт рет зарядтап,
босатқанда жетеді.
•
Ата-ана модуліндегі дыбыс деңгейі тым
жоғары болуы мүмкін, ол ата-ана модулінің
көп энергияны тұтынуына әкеледі. Ата-ана
модулінің дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
•
Нәресте модуліндегі микрофон
сезімталдығының деңгейі тым жоғары болуы
мүмкін, ол ата-ана модулінің көп энергияны
тұтынуына әкеледі. Ата-ана модулінің
мәзірінен микрофон сезімталдығының
деңгейін төмендетіңіз.
Содержание SCD580
Страница 2: ......
Страница 458: ......
Страница 459: ......
Страница 460: ... 2013 Koninklijke Philips Electronics N V All rights reserved Document order number 4222 100 0536 1 ...