1.3
Дауыспен іздеу
Дауысыңызды қолдану арқылы интернеттен бейнелерді,
музыканы немесе тағы да басқа нәрселерді іздеуге
болады. Қашықтықтан басқару құралындағы микрофонға
сөйлей аласыз.
Дауыспен іздеу функциясын пайдаланудан бұрын
қашықтан басқару құралын теледидармен жұптау қажет.
Дауысты пайдалану үшін...
1 -
Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз.
Қашықтан басқару құралындағы көк шам жанып, іздеу
жолы ашылады да, микрофон іске қосылады.
2 -
Іздегеніңізді анық етіп айтыңыз. Микрофон өшкенге
дейін 10 секунд сөйлей аласыз. Нәтижелер көрсетілуі үшін
бірнеше уақыт кетуі мүмкін.
3 -
Іздеу нәтижелерінің тізімінде қажетті элементті
таңдауға болады.
1.4
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
1.5
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының алдыңғы төменгі жағындағы батареялар
бөлімін ашыңыз.
1 -
Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 -
Ескі батареяларды 2 сілтілі,
AAA-LR03-1,5 В
түріндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың
және
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 -
Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып
қойыңыз.
Ескі батареяларды пайдаланып болға соң, оларды
нұсқауларға сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін
Анықтама
ішінен
Кілтсөздер
опциясын таңдап,
Пайдалануды аяқтау
деп іздеңіз.
1.6
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.