125
KK
Қазақша
•
Ылғалдандырғышты
температурасы тым тұрақсыз
бөлмеде қолдануға болмайды,
себебі мұның нәтижесінде
ылғалдандырғыш ішінде
конденсат түзілуі мүмкін.
•
Ылғалдандырғыш ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса,
сүзгілерде бактериялар мен
зең пайда болуы мүмкін.
Ылғалдандырғышты қайта
пайдаланбас бұрын, сүзгілерді
тексеріңіз. Егер сүзгі тым лас
және онда қара дақтар пайда
болған болса, оны ауыстыру
қажет («Ылғалдандыру сүзгісін
ауыстыру» тарауын қараңыз).
•
Сүзгіні кір жуғыш машинада
немесе ыдыс-аяқ жуу
машинасында жумаңыз, сүзгінің
пішіні өзгеруі мүмкін.
•
Ылғалдандырғыш тек
тұрмыстық қолданыста
қалыпты жұмыс жағдайларында
ғана пайдалануға арналған.
•
Таза ұстау үшін апта сайын
су ыдысын тазалаңыз және
ылғалдандыру сүзгісін шайыңыз.
•
Су ыдысына тек салқын ағын
суын құйыңыз. Жерден алынған
суды немесе ыстық суды
пайдаланбаңыз.
•
Су ыдысына судан басқа
ешбір затты құймаңыз. Суға
әтір немесе химиялық зат
қоспаңыз. Тек суды (ағын,
тазартылған, минералдық, кез
келген бөтелкедегі су түрі)
пайдаланыңыз.
•
Ылғалдандырғышты ұзақ
уақыт бойы пайдаланбасаңыз,
су ыдысын тазалаңыз және
ылғалдандыру сүзгісін
кептіріңіз.
•
Ылғалдандырғышты жылжыту
керек болса, алдымен қуат
көзінен ылғалдандырғышты
ажыратыңыз. Одан кейін су
ыдысын босатыңыз және
ылғалдандырғышты көлденең
күйде алып жүріңіз.
•
Ылғалдылық сенсорын
құрғақ ұстаңыз. Сенсордың
ылғалдануы нәтижесінде
ылғалдылық деңгейі қате
есептелуі мүмкін және бұл
ылғалдандырғыш жұмысының
тоқтауына себеп болуы мүмкін.
•
Толтыру және тазалау
барысында құрылғыны қуат
көзінен ажыратыңыз.