124
KK
Ескерту
•
Егер ылғалдандырғышқа
қуат беру үшін
пайдаланылатын розетканың
қосылымдары нашар болса,
ылғалдандырғыштың ашасы
қызады. Ылғалдандырғышты
дұрыстап қосылған розеткаға
қосыңыз.
•
Әрқашан ылғалдандырғышты
құрғақ, тұрақты, тегіс және
көлденең бетке қойыңыз және
пайдаланыңыз.
•
Ылғалдандырғыш үстіне
ештеңе қоймаңыз және оның
үстіне отырмаңыз.
•
Әр тазалаудан кейін немесе
толтыру үшін жоғарғы
бөлікті және/немесе су
ыдысын алғаннан кейін
ылғалдандырғыш дұрыс
жиналғанын/қосылғанын
тексеріңіз. Жақсы және
қауіпсіз жұмыс істеуі үшін
ылғалдандырғышты дұрыстап
жинау керек.
•
Тек осы ылғалдандырғышқа
арналған түпнұсқалық Philips
сүзгісін пайдаланыңыз. Басқа
ешбір сүзгіні пайдаланбаңыз.
•
Ылғалдандырғышқа қатты
заттарды соғып алудан
сақтаңыз (әсіресе ауа кірісін
және ауа шығысын).
•
Жарақат алуды немесе
ылғалдандырғыштың дұрыс
емес жұмыс істеуін болдырмау
үшін ауа шығысына немесе ауа
кірісіне саусақтарды немесе
заттарды салмаңыз.
•
Үй ішінде жәндіктерге қарсы
қолданатын түтін шығаратын
репелленттер қолданған
жерде немесе майлы
қалдықтар, жанып жатқан
фимиам, не болмаса химиялық
түтіндер бар орындарда
бұл ылғалдандырғышты
пайдалануға болмайды.
•
Бұл ылғалдандырғышты
газ құралдары, жылыту
құрылғылары немесе камин
жанында пайдалануға
болмайды.
•
Ылғалдандырғышты
пайдаланудан кейін және
тазалау алдында міндетті
түрде әрқашан розеткадан
суырыңыз.
•
Ылғалдандырғыштың жоғарғы
жағындағы ауа шығыстары
арқылы су толтырмаңыз.
•
Балалардың аударып
жіберуін болдырмау үшін
ылғалдандырғышты дұрыстап
қойыңыз.