Қазақша
23
Өнімді қайта өңдеу
Нәресте мониторы өңдеп, қайта пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдар мен бөлшектерден
жасалған.
Өнім мен қаптамасын тиісті түрде тастау арқылы қоршаған
ортаға көмектесіңіз. Үсті сызылған дөңгелекті қоқыс
жәшігінің белгісі нәресте мониторы Еуропалық 2002/96/
EC директивасының талаптарына тәуелді екенін білдіреді,
яғни өнім мен батареяларды тұрмыстық қоқысқа тастауға
болмайды, себебі олардың құрамында қоршаған орта
мен денсаулықты зақымдауы мүмкін заттар бар. Нәресте
мониторын немесе батареяларды тастау кезінде арнайы
бөлінген жинау нүктелерін немесе өңдеу орындарын
пайдаланыңыз.
Ауыстыру
•
Адаптерді осы пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген адаптер түрлерімен алмастырыңыз.
•
Батареяларды осы пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілген батарея түрлерімен алмастырыңыз.
Модульдегі батареялардың бәрін бірге
ауыстырыңыз.
Сәйкестік туралы декларация
Philips компаниясы осы сәби мониторының 1999/5/EC
директивасының қажетті талаптары мен басқа да тиісті
ережелеріне сәйкес келетінін мәлімдейді.
Сәйкестік туралы декларацияны интернеттен көруге
болады: www.philips.com/AVENT.
SCD484
үлгісін іздеу.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips AVENT құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес келеді.
Бүгінгі ғылыми дәлелдерге сүйенсек, ұқыпты және осы
нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылған жағдайда, құралды
қауіпсіз деп есептеуге болады.