14
ҚазаҚша
аЛҒаш РЕТ ҚОЛДаНаР аЛДЫНДа
Суық (қыстық) шарттарда құрылғыны
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін оны бөлме температурасында екі
сағаттан кем емес ұстау қажет.
–
Құрылғыны қаптамадан шығарыңыз және
құрылғының жұмыс жасауы үшін кедергі
келтіретін, кез-келген жапсырмаларды
алып тастаңыз.
–
Құрылғының
тұтастығын
тексеріңіз,
бүлінулер болған жағдайда оларды
қолданбаңыз.
–
Іске қоспас бұрын электр желісіндегі
кернеудің құрылғының жұмыс кернеуіне
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Ескертпе:
Құрылғыны алғаш рет қосу кезінде
қыздыру элементі жанады, сондықтан бөгде
иістің және түтіннің үлкен емес көлемі пайда
болуы мүмкін, бұл қалыпты құбылыс.
СУДЫ ТаҢДаУ
Резервуарды толтыру үшін су құбыры суын
қолданыңыз. Егер су құбыры су қатты болса,
онда оны 1:1 қатынасында тазартылған сумен
араластыру ұсынылады, өте қатты су болған
жағдайда оны 1:2 қатынасында тазартылған
сумен араластырыңыз немесе тек тазартылған
суды ғана қолданыңыз.
СУҒа аРНаЛҒаН РЕзЕРВУаРДЫ ТОЛТЫРУ
–
Резервуарды шешіп және оған суды құймас
бұрын құрылғының электр желісінен
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
–
Резервуарға (3) хош иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке қышқылы суын,
крахмал ерітіндісін, қақтарды жоюға
арналған реагенттерді, химиялық зат
-
тарды және т.б. құюға тыйым салынады.
–
Суды «MAX» (4) белгісінен асырып
құймаңыз.
1.
Желілік сым шанышқысының электр розет
-
касына қосылмағандығына көз жеткізіңіз.
2.
Құрылғыны тұтқасынан (9) ұстаңыз, бекіткішті
(11) тұтқа бағыты бойынша басыңыз. Бос
қолыңызбен жоғары бағыт бойынша резер
-
вуарды (3) шешіп алыңыз (сур. 1).
3.
Құю саңылауынан тығынды (13) алып
тастаңыз.
4.
Мөлшерлі стақанды (16) қолдана отырып,
резервуарға (3) суды құйыңыз.
5.
Құю саңылауында кертікпен тығындағы (13)
қуыстарды сыйыстырыңыз және тығынды
(13) орнына орналастырыңыз. Құрылғыны
орнатылған тығынсыз (13) қолдануға
тыйым салынады.
6.
Құрылғы корпусына (2) резервуарды (3)
орналастырыңыз. Бекіткіш сыртылы (11)
орнату дұрыстығына нұсқайды.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРаТУРаСЫ
Құрғақ үтіктеу табанның (1) кез-келген
температурасында мүмкін. Бумен үтіктеу,
тігінен булау және матаны тазалау тек
«••», «•••» немесе «MAX» күйінде темпера-
тура реттегішін (12) орнату жағдайында
ғана мүмкін, кері жағдайда табанның бу
саңылауларынан (1) су тамшылары таматын
болады.
–
Заттарды үтіктемес бұрын әрбір кезде
үтіктеудің ұсынылған температурасы
көрсетілген бұйым заттаңбасына көңіл
аударыңыз.
–
Егер мұндай заттаңба жоқ болса, алайда
сіз мата түрін білсеңіз, онда температура
-
ны таңдау үшін кестені қолданыңыз. Егер
материал өзге типті болса (гофрленген,
кедір-бұдырлы және т.б.), онда төмен тем
-
пературада үтіктеген дұрыс.
Белгіленуі Мата түрі (температура)
•
Синтетика, нейлон, акрил,
полиэстер (төмен температура)
••
Жібек/жүн (орташа температура)
•••
Мақта, зығыр
(жоғары температура)
MAX
Максималды температура
–
Алдымен заттарды үтіктеу температура
-
сы бойынша сұрыптаңыз: синтетиканы-
синтетикаға, жүнді – жүнге, мақтаны –
мақтаға және т.б.
–
Табан (1) суығаннан гөрі жылдам қызады.
Сондықтан төмен температурада (мыса
-
лы, синтетикалық маталарды) үтіктеуді
бастаңыз. Осыдан кейін барынша жоғары
температураларда (жібек, жүн) үтіктеуге
өтіңіз. Мақта мен зығырдан даярланған
өнімдерді соңғы кезекте үтіктеу қажет.
–
Егер мата құрамына аралас талшықтар
кірсе, онда ең төменгі температураны орна
-
ту қажет (мысалы, егер өнім акрилден және
мақтадан тұратын болса, онда оны акрил
«•» үшін сәйкес келетін температурада
үтіктеу қажет).
MW-3708.indd 14
03.04.2014 11:30:43