17
ҚазаҚша
БУЛЫ ҚЫЛшаҚ MW-3701 W
Құрылғы маталардың әртүрлі түрлерін және
жиһазды үтіктеу мен тазалауға арналған.
СИПаТТаМаСЫ
1.
Тұғыр
2.
Табаны
3.
«MAX» судың максималды деңгейінің
көрсеткіші
4.
Суды құюға арналған саңылау
5.
Суға арналған сауыт
6.
Температура реттегіші
7.
Табанының қызу көрсеткіші
8.
Қолсап
9.
Бу беру батырмасы
10.
Қондырмаларды шешу батырмасы
11.
Жиһазды тазалауға арналған қондырма
12.
Қондырма-қылшақ
13.
Өлшейтін стакан.
НазаР аУДаРЫҢЫз!
Қосымша қорғаныс үшін қоректендіру
тізбегінде номиналды іске қосылу тоғы 30 мА
аспайтын қорғаныс ажырату құрылғысын (ҚАҚ)
орнату дұрыс, ҚАҚ-ны орнату үшін маманға
хабарласыңыз.
ҚаУІПСІзДІК шаРаЛаРЫ
Электр аспабын пайдалану алдында, берілген
басшылықты зейін қойып оқып шығыңыз және
оны анықтамалық материал ретінде пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны тек оның тікелей мақсаты бой-
ынша осы басшылықта көрсетілгендей
пайдаланыңыз.
Аспапты дұрыс пайдаланбау оның бұзылуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлігіне зиян
келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Булы қылшақты алғашқы іске қосу алдында,
электр желісіндегі кернеудің құрылғының
жұмыс істеу кернеуіне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
•
Желілік
бау
«еуроайыртетікпен»
жабдықталған, оны сенімді жерлендіру
түйіспесі бар ашалыққа қосыңыз.
•
Өрттің пайда болу тәуекеліне жол бремеу
үшін құрылғыны электр ашалығына қосқан
кезде ауыстырғыштарды пайдаланбаңыз.
•
Электр желісінің асыра жүктелуіне жол бер-
меу үшін үлкен қуатты тұтынатын бірнеше
құрылғыны бір мезгілде іске қоспаңыз.
•
Желілік баудың ыстық беттермен, үшкір
заттармен және жиһаздың шеттерімен
жанасуына жол бермеңіз. Желілік баудың
оқшаулануының бүлінуіне жол бермеңіз.
•
Жұмыс істеу аралығындағы үзілістерде
құрылығыны тұғырға түзу тұрақты жылуға
төзімді бетке орнатыңыз.
•
Аспапты панажайлардан тыс және жуыну
бөлмесінде пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны тікелей жылу көздерінің немесе
ашық оттың қасында пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны тікелей судың қасында
пайдаланбаңыз.
•
Аспапты пайдалану алдында желілік бауды
зейін қойып қарап шығыңыз және оның
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз желілік
баудың бүлінуін тапсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Жеткізілім жинағына кіретін қондырмаларды
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны пайдала-
нуды бастау алдында, қондырмалардың
дұрыс орнатылғанына, ал суды құюға
арналған саңылаудың қақпағы тығыз
жабылғандығына көз жеткізіңіз.
•
Суға арналған сауытқа иістендіргіш
сұйықтықтарды, сірке суын, крах-
мал ерітіндісін, қақты жоюға арналған
реагенттерді, химиялық заттарды және
т.с.с.-ларды құюға тыйым салынады.
•
Құрылғыны тазалау, қондырмаларды шешу/
орнату алдында, сауытқа суды құю неме-
се төгу алдында, және сонымен қатар,
құрылығыны пайдаланбайтын болсаңыз
оны әрқашан желіден ажыратыңыз.
•
Құрылғыны сөндіру немесе электр желісіне
қосу алдында температура реттегішін
«min» күйіне белгілеңіз.
•
Буды шығару саңылауларын жаппаңыз
және оларға бөтен заттарды салмаңыз.
•
Назар аударыңыз! Жұмыс істеу уақытында
құрылғының беттері қызады. Күйік
алуға жол бермеу үшіныстық беттерді
ұстамаңыз және дененің ашық бөліктерін
бу шығаратын саңылаулардың қасында
орналастырмаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеген кезде бу шығаратын
саңылаулардан шығатын ыстық будан күйік
алудан сақ болыңыз.
•
Құрылғыны қатаң тікелей міндеті бойынша
пайдаланыңыз. Ешқашан адамға киілген
киімді буландырмаңыз, себебі шығып
жатқан будың температурасы өте жоғары.
Әрқашан киімді иықшаларға ғана іліңіз.
•
Булы қылшақты адамдарға, жануарларға,
өсімдіктерге, сонымен қатар ыстық будан
MW-3701.indd 17
03.02.2016 10:48:08