•
Құрылғының астына фламбе тәсілімен ас пісіруге
болмайды.
•
Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және
буларды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес
үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
•
Құрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау
құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз.
Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
•
Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде
2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған
майларды тазалаңыз.
•
Құрылғының ішін тазалау үшін матаны немесе
шөткені пайдаланыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу, электр
қатері, күйіп қалу, өрт
қаупі, құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Осы құрылғыны тек білікті маман
ғана орнатуға тиіс.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Құрылғыны орнатпас бұрын барлық
орам материалдарын,
жапсырмасын және қорғаныш
үлдірін алыңыз.
• Ауа тартқыш құрылғыны, егер
қабырға орнатуға арнайы рұқсат
берілмесе, онда орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Егер ( ) белгішесі техникалық
ақпарат тақтайшасында
жазылмаса, құрылғыны жерге
тұйықтау қажет.
• Әрқашан дұрыс орнатылған,
соққыға төзімді розетканы
қолданыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына
жол бермеңіз.
• Көп тармақты адаптер мен
ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
• Егер розетка бекітілмеген болса,
ашаны жалғамаңыз.
• Құрылғыны ажырату үшін электр
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
www.electrolux.com
114
Содержание EFTD26K
Страница 32: ...odevzdejte v místním sběrném dvoře nebo kontaktujte místní úřad www electrolux com 32 ...
Страница 119: ...орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз ҚАЗАҚ 119 ...
Страница 134: ...atliekų surinkimo punktą arba susisiekite su vietnos savivaldybe dėl papildomos informacijos www electrolux com 134 ...
Страница 237: ...УКРАЇНСЬКА 237 ...
Страница 238: ...www electrolux com 238 ...
Страница 239: ...УКРАЇНСЬКА 239 ...
Страница 240: ...www electrolux com shop 867351182 A 262019 ...