24
ҚазаҚша
• Күіктерге жол бермеу үшін бушығарғыш
қақпағының үстінен төнбеңіз. Мультипісіргіш
қақпағын тағамдарды пісіру уақытында және
тікелей пісіріп болғаннан кейін ашқанда аса
сақ болыңыз.
Буға күйіп қалу қаупі бар!
• Құрылғы «Қуыру» бағдарламасында жұмыс
істеген уақытта, ыстық майға күйіп қалмау
үшін аспаптың үстінен төнбеңіз.
• Аспапты орнатылған тостағансыз, сонымен
қатар тостағандағы сұйықтықтарсыз және/
немесе тағамдарсыз пайдалануға қатаң
тыйым салынады.
• Құрғақ тағамдардың және сұйықтықтардың
көлемі бойынша ұсыныстарды қатаң
сақтаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда тостағанды
шығармаңыз.
• Құрылғыны бүркеп жаппаңыз.
• Құрылғыны жұмыс істеген жағдайда
тасымалдауға тыйым салынады. Құрлығыны
алдын-ала желіден ажыратып және оған
салқындауға уақыт беріп, тасымалдауға
арналған сапты пайдаланыңыз.
• Жұмыс істеген уақытта құрылғы корпусы
мен ішкі бөлшектері қызады. Оларға
қорғалмаған
қолыңызды
тигізбеңіз,
асханалық қолғаптарды пайдаланыңыз.
• Аспапты уақытында тазалап тұрыңыз.
• Балаларға аспапты ойыншық ретінде
пайдалануға рұқсат етпеңіз.
• Балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен аспапты қауіпсіз пайдалану және
оны дұрыс пайдаланбаған кезде пайда
болатын қауіптер туралы сәйкес және
түсінікті нұсқаулықтар берілген болмаса,
берілген құрылғы олардың пайдалануына
арналмаған.
• Құрылғыны балалар немесе мүмкіндіктері
шектеулі
адамдар
ересектердің
бақылауымен пайдалануға болады.
• Құрылғыны
бөлмеден
тыс
жерде
пайдалануға тыйым салынады.
• Желілік баудың айыртетігін ашалықтан
суырғанда, ешқашан баудан тартпаңыз, ал
желілік баудың айыртетігінен ұстаңыз және
оны абайлап ашалықтан шығарыңыз.
• Желілік айыр тетіктің немесе баудың
бүлінуі кезінде, егер ол іркіліспен істегенде
немесе суға түскеннен кейін құрылғыны
пайлануға тыйым салынады. Құрылғыны өз
бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Барлық
жөндеу сұрақтары бойынша туындыгерлес
(өкілетті) қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама үлдірмен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұншығу қаупі!
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ҮЙДЕ ҒАНА ҚОЛДАНУҒА
АРНАЛҒАН
Тостағанды пайдалану ережелері
• Құрылғыны және оның бөлшектерін қатаң
міндеті бойынша ғана пайдаланыңыз.
Тостағанды басқа қыздырғыш аспаптармен
немесе беттермен пайдалануға тыйым
салынады.
• Тостағанды басқа ыдыспен алмастырмаңыз.
• Қыздырғыштың беті және тостаған түбі таза
болуын қадағалаңыз.
• Тостағанды тағамдарды араластыруға
арналған ыдыс ретінде пайдаланбаңыз.
Күюге қарсы қабаттың бүлінуіне жол
бермеу үшін ешқашан тағамдарды тікелей
тостағанның ішінде ұсақтамаңыз.
• Тостағанның ішінде ожауды (15), қалақты
(17) және басқа заттарды қалдырмаңыз.
• Тостағандағы тағамдарды тек пластик
ожаумен (15) немесе қалақпен (17) ғана
араластырыңыз, не болмаса күюге қарсы
қабатпен пайдалануға арналған асханалық
жабдықтарды пайдаланыңыз.
• Тостағанның ішкі жағынан ұрмаңыз.
• Дәмдеуіштері бар тағамдарды пісіріп
болғаннан кейін тостағанды дереу жуу керек
(«Тазалау және күтімі» тарауын қар.).
Алғаш пайдаланар алдында
1.
Құрылғыны
ораудан
шығарыңыз,
құрылғының жұмыс істеуіне кедергі
жасайтын кез-келген жапсырмаларды
жойыңыз.
2.
Құрылғыны түзу, құрғақ, ыстыққа төзімді
бетте, судан, ылғалдан және ашық оттан
алшақ орналастырыңыз. Ең жақын беттерге
дейінгі қашықтық 20 см-ден кем болмауы
керек.
Назар аударыңыз!
Аспапты ванналардың,
қолжуғыштардың немесе суға толы басқа
ыдыстардың қасында орналастырмаңыз.
VT-4204_IM.indd 24
04.03.2013 17:48:44