ҚАЗАҚ
80
сонымен қатар дыбысты баланстап ойнатуды көрсетеді. VCD
дискілерін ойнату кезінде дисплей сол жақ динамикпен, оң жақ
динамикпен және екі динамикпен бірдей күште ойнату туралы ақпарат
береді.
4.20 ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ
Дыбысты күшейту үшін «VOL+» батырмасын, ал дыбысты азайту үшін
«VOL-» батырмасын пайдаланыңыз. Қалаған нәтижеңізге жеткенге
дейін басыңыз.
Дыбысты өшіру үшін «MUTE» батырмасын басыңыз, дыбысты қосу
үшін осы батырманы тағы бір рет басыңыз.
4.21. «SLOW» («БАЯУ ОЙНАТУ») ФУНКЦИЯСЫ
«SLOW» батырмасын бірнеше рет басыңыз. DVD ойнату кезінде
алдыға қарау жылдамдығы 2, 4, 8 және 16 есе баяулауы мүмкін, ал
кері ойнатуда – 2, 4 және 8 есе, сонымен қатар кәдімгі мәнді сақтауы
мүмкін. SVCD және VCD форматтарындағы дискілерді ойнату
кезінде алдыға қарау жылдамдығы 2, 4, 8 және 16 есе азаяды, ал кері
қарауда сол қалпына оралады.
4.22 «VIDEO» («ВИДЕОСИГНАЛ ФОРМАТЫН ТАҢДАУ»)
ФУНКЦИЯСЫ
«VIDEO» батырмасын басу арқылы S-VIDEO, YUB және RGB
видеосигнал форматтары арасында таңдау жүргізіледі.
5. ЖҮЙЕНІ БАПТАУ
1. DVD МЕНЮІН БАПТАУ
Экранға негізгі баптау менюін («SETUP MENU») шығару үшін
қашықтықтан басқару пультіндегі «SETUP» («БАПТАУ») батырмасын
басыңыз. Аспап ену кодын (PIN) енгізуді талап етеді. Бұл жағдайда
8888 санын енгізіңіз (өндіруші зауыттың коды).
1. Экранға курсорды басқару пернелерімен баптау менюін
шығарғаннан кейін қажетті объектіні таңдап алыңыз, ал содан
кейін өз таңдауыңызды «PLAY» («ПУСК») батырмасын басу
арқылы растаңыз және менюің келесі қосалқы тарауына
кіріңіз. Көрсеткішті жүргізу үшін “солға-оңға” батырмаларын, ал
қажетті объектіні таңдау үшін “үстіге-астыға” батырмаларын
пайдаланыңыз. Таңдауды растау үшін «PLAY» батырмасын
басыңыз. Бұл жағдайда ағымдағы функцияны баптау аяқталады.
2. Баптауды аяқтау үшін «SETUP» батырмасын тағы бір рет
басыңыз. Негізгі баптау менюінде келесі баптау нұсқауларының
кез келгенін атқара аласыз.
ЖАЛПЫ БАПТАУ
Бұл нұсқа телеэкран өлшемдерін, видео функцияларын және DVD
функцияларын баптау үшін пайдаланылады. Онда келесі функциялар
бар, атап айтқанда «TV DISPLAY» («ТЕЛЕДИДАР ЭКРАНЫ»), «ANGLE
MARK» («БЕЙНЕНІ ОЙНАТУ БҰРЫШЫ»), «OSD LANGUAGE»
(«ЭКРАН ТІЛІ»), «CAPTION» («ЖАЗУЛАР»), «SCREEN SAVER»
(«ЭКРАН САҚТАҒЫШЫ»), «LAST MEMORY» («ЕСТЕ САҚТАЙТЫН
ҚҰРЫЛҒЫ»)
1.1.1 ТЕЛЕДИДАР ЭКРАНЫ
Осы терезеде қажетті параметрлерді орнату кезінде «DVD МЕНЮІН
БАПТАУ» тармағында келтірілген нұсқауларды басшылыққа алыңыз.
Ескерту:
1). Сіз қандай экран өлшемін таңдап алғаныңызға байланыссыз, егер
Сіздің теледидарыңыздың экраны 4:3 қатынасында белгіленсе,
бейне дәл осы форматта көрсетілетін болады.
2). DVD ойнату кезінде экран форматы өзгеруі мүмкін.
3). Егер Сіздің теледидарыңыздың экраны 4:3 қатынасында
орнатылса, ал DVD ойнату форматы 16:9 қатынасында
орнатылса, онда ондай сәйкессіздік автоматты түрде жойылады.
1.1.2 БЕЙНЕНІ ОЙНАТУ БҰРЫШЫ
Егер қолданылып жатқан DVD осы функцияны қолдайтын болса, Сіз
бейнені әр түрлі қарау бұрышынан көре аласыз.
Осы терезеде қажетті параметрлерді орнату кезінде «DVD МЕНЮІН
БАПТАУ» тармағында келтірілген нұсқауларды басшылыққа алыңыз.
4073IM.indd 80
09.10.2007 12:29:19