14
15
ҚазаҚша
ҚазаҚша
•
Балалардың және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы және оны дұрыс пайдаланбаған кезде
пайда болатын қауіптер туралы сәйкес және
түсінікті нұсқаулықтар берілген болмаса,
берілген құрылғы олардың пайдалануына
арналмаған.
•
Қуаттандыру элементінің күйін тексеріп
отырыңыз. Механикалық бұзылыс, дұрыс емес
істеу немесе ақауы болған жағдайда, мысалы,
қышқыл аққан кезде, қол мен киімді қорғайтын
құрал қолдану арқылы батареяны жабдықтан
шығару керек.
•
Қышқылдың теріге, көзге ж.б. тиюіне жол
бермеу керек. Егер құрылғы ұзақ уақыт
бойына
пайдаланылмайтын
болса,
қуаттандыру элементін батареялық бөліктен
алып шығыңыз;
–
қолданылған
батареяларды
өртеуге
болмайды;
–
қолданылған батареяларды тұрмыстық
қоқыспен бірге кәдеге асыруға болмайды,
оларды қайта өңдеуге қайтару керек;
–
батареяларды ашуға болмайды;
–
батареялар балалардың қолы жететін
жерден тыс жерде сақталуы керек.
•
Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде
қуаттандыру элементін батареялық бөліктен
шығарыңыз және кепілдік талоны мен
www.vitek.ru сайтында көрсетілген байланыс
мекен-жайлары
бойынша
кез-келген
авторландырылған (өкілетті) қызмет көрсету
орталықтарына жүгініңіз.
•
Зақымдалуға жол бермеу үшін құрылғыны тек
зауыт қаптамасында тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙЛАРДА ТЕК
ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ҒАНА АРНАЛҒАН,
ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ҚОСУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрал төмен
температурада сақталған болса, оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес
уақыт ұстау керек.
ҚУАТТАНДЫРУ ЭЛЕМЕНТІН ОРНАТУ
–
Батареялық бөліктің қақпағын (5) сағат тіліне
қарсы бұрап, шешіп алыңыз (сур. 1).
–
Триммер корпусына (4) оң шығарымымен
«AAA» қуаттандыру элементін (жеткізілім
жинағына кірмейді) орнатыңыз.
–
Батареялық бөліктің қақпағын (5) орнына
орнатыңыз және сағат тілі бағыты бойынша
тірелгенге дейін бұраңыз (сур. 3).
ТРИММЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
–
Қондырма (2) мұрын мен құлақ ішіндегі
шаштарды жоюға арналған.
–
Қалпақшаны (1) шешіңіз.
–
Триммерді қуаттандыру сөндіргіші (3) арқылы
қосыңыз.
Мұрын ішіндегі шаштарды жою
–
Мұрын қуыстары таза екеніне көз жеткізіңіз.
–
Қондырманы (2) танауға абайлап салыңыз.
–
Қондырманы (2) танауға 0,5 см-ден терең
салмаңыз.
–
Танаулардағы қажетсіз шаштарды жою
үшін триммермен айналмалы қозғалыстар
жасаңыз.
Құлақ ішіндегі шаштарды жою
–
Сыртқы құлақ арналары таза екеніне әрі онда
күкірттің болмауына көз жеткізіңіз.
–
Сыртқы құлақ арнасына қондырманы (2)
абайлап салыңыз.
–
Дабыл жарғағының зақымдалуына жол бермеу
үшін құлақ арнасына қондырманы (2) 0,5 см-ден
терең салмаңыз.
–
Құлақ қалқанындағы қажетсіз шаштарды жою
үшін триммермен айналмалы қозғалыстар
жасаңыз.
–
Пайдаланып болғаннан соң, сөндіргішті (3)
төменгі күйге белгілеп, құрылғыны сөндіріңіз.
–
Қондырмаға (2) қорғаныс қалпақшасын (1)
кигізіңіз.
IM VT-2555_50x120.indd 14
16.01.2019 9:53:14