
0458-829-9921-A
275
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Сақтандыру
■ Қуаттау барысында дұрыс емес болған желінің кернеуі
немесе дұрыс емес болған желінің жиілігі
қуаттағыштың артық жүктемесіне себеп болуы мүмкін.
Қуаттағыш бұзылуы мүмкін.
► Желінің кернеуі мен электр желісінің жиілігі
қуаттағыштың паспорттық деректері бар фирмалық
тақтайшасына сай келетініне көз жеткізіңіз.
► Қуаттағыш автокөлікте қолданылса: автокөліктегі
электр желісінің кернеуі мен жиілігі қуаттағыштың
зауыттық тақтайшасындағы деректерге сай
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
■ Дұрыс өткізілмеген біріктіруші сым және ұзартқыш
зақымдалуы және оған адамдар сүрініп қалуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы, ал біріктіруші сым немесе
ұзартатын сым – бұзылуы мүмкін.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды адамдар
оған сүрінбейтіндей етіп өткізіңіз және белгілеңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
созылмайтындай және шатаспайтындай етіп
өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды
зақымданбайтындай, қысылмайтындай немесе
қажалмайтындай етіп өткізіңіз.
► Біріктіруші сымды және ұзартқыш сымды жылудан,
май мен химиялық заттардың түсуінен қорғаңыз.
► Біріктіруші сым мен ұзартқыш сымды құрғақ жерде
өткізіңіз.
■ Ұзартқыш сым жұмыс жасау кезінде қызып кетеді.
Жылуды бұру мүмкін болмаса, тұтану орын алуы
мүмкін.
► Кабель орауышын қолдану кезінде: кабель
орауышын толығымен ораңыз.
■ Егер қабырға арқылы электр сымы және құбырлар
өтсе, олар қабырғаға қуаттағышты орнатқан кезде
зақымдалуы мүмкін. Электр өткізгіш байланысы электр
тогымен зақымдауға әкеліп соғуы мүмкін. Адамдар
ауыр жарақат алуы және оларға материалдық нұқсан
келтірілуі мүмкін.
► Болжамды қондырғының орнында ешқандай
құбырлардың өтпейтіндігіне немесе электр
сымдарының жоқтығына көз жеткізіңіз.
■ Қуаттағыш осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай орнатылмаған болса, онда қуаттағыш
жылжып кетуі, құлап түсуі немесе қызып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Қуаттағышты осы нұсқаулықта сипатталғандай
монтаждау керек.
► Алдымен қуаттағышты орнатып, аккумуляторды
салыңыз.
■ Қуаттағыш автокөлікте орнатылуы мүмкін. Қуаттағыш
автокөлікте дұрыс орнатылмаған болса, онда
автокөліктің бөлшектері бүлінуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық нұқсан
келтірілуі мүмкін.
► Орнатуға дейін автокөлік өндірушісі директиваларын
ескеріңіз.
► Автокөліктің қуат желісіне қосу кезінде орнату
жөніндегі қолданыстағы ұлттық нұсқауларды
ұстаныңыз.
4.8 Тасымалдау
Сақтандыру
■ Қуаттағыш автокөлікті орнату кезінде бекітілмесе, ол
құлап түсуі немесе жылжып кетуі мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық нұқсан
келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
► Барлық аккумуляторларды алып шығарыңыз.
► Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге қуаттағышты төңкерілмейтін
және жылжымайтын болатындай бекіту керек.
► Қуаттағыштарды бірінің үстіне бірін үймеңіз.