Жұмысты бастау
9
Зарядтағышты дұрыс жалғамау Samsung Charm құрылғысын қатты зақымдауы
мүмкін. Дұрыс пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды.
•
Зарядтағыштар бөлек сатылады.
•
Зарядтау кезінде, Samsung Charm құрылғысы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай және Samsung Charm құрылғысының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне
әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды
тоқтатуы мүмкін.
•
Samsung Charm құрылғысы зарядталып жатқанда мобильді құрылғыға қосыла
алмайды. Samsung Charm құрылғысы толығымен зарядталып болғаннан соң, оны
зарядтау станциясынан ажыратыңыз, содан кейін, оны мобильді құрылғыға қосып
көріңіз.
•
Егер Samsung Charm құрылғысы толық зарядталғаннан кейін батареямен бір
немесе екі күн жұмыс істесе, демек батарея қызметінің мерзімі біткені.
•
Samsung Charm құрылғысы дұрыс зарядталмай жатса, Samsung Charm құрылғысы
мен зарядтағышты Samsung сервис орталығына апарыңыз.
3
Толығымен зарядтағаннен кейін, алдымен зарядтағышты зарядтау станциясынан
ажыратыңыз, содан кейін электр розетка ұясынан ажыратыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз.
Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін
пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау
кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы
керек.
Қазақ тілі
7