74
ҚҚ
•
Ылғалдандырғышты жылжыту
керек болса, алдымен қуат
көзінен ылғалдандырғышты
ажыратыңыз. Одан кейін су
ыдысын босатыңыз және
ылғалдандырғышты көлденең
күйде алып жүріңіз.
•
Толтыру және тазалау
барысында құрылғыны ток
көзінен ажыратыңыз.
•
Ылғалдандырғыш ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса,
сүзгілерде бактериялар мен
зең пайда болуы мүмкін.
Ылғалдандырғышты қайта
пайдаланбас бұрын, сүзгілерді
тексеріңіз. Егер сүзгі тым лас
және онда қара дақтар пайда
болған болса, оны ауыстыру
қажет («Ылғалдандыру сүзгісін
ауыстыру» тарауын қараңыз).
•
Ылғалдандырғыш тек
тұрмыстық қолданыста
қалыпты жұмыс жағдайларында
ғана пайдалануға арналған.
•
Таза ұстау үшін апта сайын
су ыдысы мен ылғалдандыру
сүзгісін тазартыңыз.
•
Су ыдысына тек салқын ағын
суын құйыңыз. Жерден алынған
суды немесе ыстық суды
пайдаланбаңыз.
•
Су ыдысына судан басқа
ешбір затты құймаңыз.
Су ыдысына иістендіргіш
салмаңыз. Тек суды (ағын,
тазартылған, минералдық, кез
келген бөтелкедегі су түрі)
пайдаланыңыз.
•
Ылғалдандырғыш ұзақ уақыт
бойы пайдаланылмаса, су
ыдысын тазалап, ылғалдандыру
сүзгісін кептіру керек.