-
Кесу құралын балалар пайдаланбауы керек. Кесу құралын және оның
қуат сымын балалардан аулақ ұстаңыз.
-
Кесу құралын қауіпсіз қолданыс жөнінде нұсқау алған, біреудің
қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған және құрал қолданысына
қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген мүмкіндігі мен ойлау қабілеті
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
-
HomeCooker құрылғысын қауіпсіз қолданыс жөнінде нұсқау алған,
біреудің қадағалауымен қауіпсіз пайдаланған және HomeCooker
құрылғысын қолдануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген 8 жасқа
толған және одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен ойлау
қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
-
Балалардың HomeCooker құрылғысымен ойнауына жол бермеңіз.
-
Қосылып тұрғанда немесе суып жатқанда, HomeCooker құрылғысы
мен қуат сымын жасы сегізде немесе сегізге толмаған балалардың
қолы жетпейтін жерге қою керек.
-
8 жастағы немесе одан үлкен балалар HomeCooker құрылғысын тек
бақылау астында тазалауы керек.
-
Қуат сымы үстелдің немесе жабдық қойылған беттің шетінен
салбырап тұрмау керек.
-
Жабдық пен қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
-
HomeCooker құрылғысының артында және екі жағында кем дегенде
10 см бос орын қалдырыңыз.
-
Жұмыс істеп тұрғанда, HomeCooker құрылғысына заттарды жақын
қоймаңыз.
-
Жабдықты розеткаға қосу алдында қуат сымын толығымен жазып
алыңыз.
-
Негізге кәстрөл қойылмаған HomeCooker құрылғысын ешқашан
пайдаланбаңыз.
-
Кесу құралының дискілерінің кесетін жиектеріне тимеңіз. Кесетін
жиектер өте өткір.
-
Пісіру кезінде HomeCooker құрылғысы қатты қызады және ұзақ
уақыт бойы ыстық болады. Басқару тақтасындағы қызыл «қыздыру
тақтасы ыстық» көрсеткіш шамы жанғанда, қыздыру тақтасы ыстық
болады және оған тимеу керек.
-
Қыздыру тақтасы қосулы немесе ыстық кезде ешқашан қауіпсіздік
сақинасын алмаңыз.
-
Ұзын шашты, зергерлік бұйымдарды, бос киімді, т.б.
араластырғыштан аулақ ұстаңыз.
-
HomeCooker құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда қолмен жетуге
болатын беттердің температурасы жоғары болады.
-
Шамадан тыс қызған май тұтануы мүмкін.
-
Жұмыс істеп тұрған кезінде кесу құралының тостағанынан
ингредиенттерді алу үшін ешқашан күрекшені немесе қасықты
пайдаланбаңыз. Беру түтігінен бірдеңені алу керек болса, әрқашан
кесу құралының ашасын ажыратыңыз.
-
Кесу құралы істеп тұрғанда, ингредиенттерді салатын түтікке
азықты саусақпен немесе басқа затпен (мысалы, күрекшемен)
тығындамаңыз. Бұл үшін тығындағышты қолданыңыз.
-
Кесу құралы жұмыс істеп тұрұғанда ешқашан беру түтігіне саусақты
апармаңыз.
ҚазаҚша
121
Summary of Contents for HR1050
Page 1: ...Register your product and get support at www philips com welcome HR1050 ...
Page 2: ......
Page 3: ...1 ...
Page 4: ......
Page 309: ......
Page 310: ......
Page 311: ......
Page 312: ...4203 064 5882 1 ...