-
Бұл құрылғыны тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген арнайы
мақсатта қолданыңыз.
-
Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Жалпы ақпарат
-
Құрылғыда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан кернеуі
100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
-
Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
-
Ең жоғары шу деңгейі: Lc= 75 дБ (A).
Зарядтау
Құрылғыны алғаш рет немесе ұзақ уақыттан кейін қолданар алдында
толық зарядтаңыз.
Ол 1 сағат зарядталғанда құрылғы 180 минутқа дейін сымсыз жұмыс
істей алады.
Ескертпе: Құрылғыны бірінші рет толық зарядтап алғаннан кейін,
құрылғыны ток желісіне қосып та пайдалануға болады. Жай ғана
құрылғыны ток желісіне жалғаңыз.
Зарядтау көрсеткіштері
Батарея төмен деген көрсеткіш
-
Батарея заряды таусылуға жақындағанда зарядтау шамы қызғылт
сары болып жыпылықтайды.
Зарядтау
-
Құрылғы зарядталып жатқанда зарядтау шамы көк түсте
жыпылықтайды.
Батарея толығымен зарядталды
-
Батарея толығымен зарядталғанда зарядтау шамы көк түсте жанып
тұрады.
Ескертпе: 30 минуттан кейін шам өшеді.
ҚАЗАҚША
64