8
KK
Сабвуфермен жұптау
Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосқанда,
сымсыз қосылым үшін сымсыз сабвуфер негізгі
құрылғымен автоматты түрде жұптасады.
Егер сымсыз сабвуферден дыбыс естілмесе,
сабвуферді қолмен жұптастырыңыз.
1
Негізгі құрылғы мен сабвуферді қосыңыз.
»
Негізгі құрылғымен байланыс
жоғалса, сабвуфердегі көрсеткіш ақ
болып жай жыпылықтайды.
2
Жұптастыру режиміне өту үшін
сабвуфердегі
CONNECT (жалғау)
түймесін басыңыз.
»
Сабвуфердегі көрсеткіш ақ болып
жылдам жыпылықтайды.
3
HDMI ARC режимінде (
HDMI ARC
түймесін басыңыз) алты секунд ішінде
қашықтан басқару құралындағы
түймесін екі рет,
Дыбыс деңгейі +
түймесін бір рет басыңыз, содан кейін
BASS +
түймесін басып тұрыңыз.
»
Жұптау сәтті аяқталса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жанады.
»
Жұптау сәтсіз болса, сабвуфердегі
көрсеткіш ақ болып жай
жыпылықтайды.
4
Жұптау сәтсіз болса, жоғарыдағы
қадамдарды қайталаңыз.
Ескертпе
•
Егер сымсыз ажырату немесе жұптау 1 минут
жалғасса, сабвуфер автоматты түрде күту режиміне
өтіп, сабвуфердегі ЖШД өшеді.
Теледидардан аудионы қосу
Бұл өнімді теледидарға қосыңыз. Бұл
өнімнің динамиктері арқылы теледидар
бағдарламаларының аудиосын тыңдауыңызға
болады.
1-опция: HDMI (ARC) арқылы
теледидарға жалғау
Ең жақсы сапалы дыбыс
Бұл өнім Дыбысты қайтару арнасы (ARC)
мүмкіндігі бар HDMI көзін қолдайды. ARC
мүмкіндігімен теледидар аудиосын осы өнім
арқылы бір HDMI кабелі көмегімен естуге
болады.
Қажетті әрекеттер
• Жоғары жылдамдықты HDMI кабелі.
• Теледидар HDMI ARC және HDMI-
CEC параметрін қолдайды (толығырақ
теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
• Кейбір теледидар модельдері үшін
теледидардың реттеу мәзірінен
сыртқы динамик шығысын қосыңыз
(толығырақ теледидардың пайдаланушы
нұсқаулығынан қараңыз).
TV
1
Жылдамдығы жоғары HDMI кабелін
пайдаланып, осы өнімдегі
HDMI OUT
(ARC)
қосқышын теледидардағы
HDMI
ARC
қосқышына қосыңыз.
• Теледидардың
HDMI ARC
қосқышының белгісі басқа болуы
мүмкін. Мәліметтерді теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығында қараңыз.
2
Теледидарда HDMI-CEC әрекеттерін
қосыңыз.
• Теледидардағы HDMI-CEC
параметрлеріне қатысты ақаулар
туралы ақпаратты алу мақсатында
HDMI-CEC реттеуі дұрыс екенін
тексеру үшін теледидардың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз
немесе қажет болса, теледидар
өндірушісіне хабарласыңыз.