Қазақша
22
•
Теріңізге зақым тимеу үшін, зақымданған немесе
ағып кеткен батареяларды тек қолғаппен ұстаңыз.
•
Нәресте мониторы сигналды көптеген үй
құрылғылары және басқа нәресте мониторлары
пайдаланатын жиілікте таратады. Сіздің сөзіңізді
бірдей жиілікті қолданатын басқа құрылғы естуі
мүмкін.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
•
Нәресте және ата ана бөліктерін ешқашан суға
батырмаңыз және оларды ағын су астында
тазаламаңыз.
•
Тазалағыш спрей немесе сұйықтықтарды қолданбаңыз.
•
Егер нәресте бөлгі мен ата-аналар бөлігі ток көзіне
қосулы болса, онда оларды токтан ажыратыңыз.
•
Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де
дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
•
Адаптерді құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
•
Осы бала мониторында басқа пайдаланушы
жөндейтін бөлшектер жоқ.
Сақтаудың сақтық шаралары
•
Нәресте мониторын 10 °C және 35 °C арасындағы
температурада пайдаланыңыз және сақтаңыз.
Нәресте мониторын тікелей күн сәулесі түспейтін
жерге қойыңыз.
•
Батареялар тоңазытқышта сақталса, сақтау және
жылыту барысында конденсаттың жиналуына жол
бермеңіз. Пайдалану үшін, батареяларды бөлме
температурасына дейін жылытып алу керек.
•
Нәресте мониторын зақымдап, күйік және тері мен
көздің тітіркенуін тудыратын батарея жарылысы
немесе ағуы орын алмау үшін:
•
батареяларды дұрыс қаратып салыңыз (+/-);
•
өнімді 30 күннен артық пайдаланбайтын
болсаңыз, батареяларды шығарып қойыңыз,
•
батареяларды күн сәулесі, от немесе басқа
жылу көздерінен аулақ жерде сақтаңыз,
•
заряды біткенде, батареяларды бірден
шығарыңыз.
•
Батареялардың қызып кетуін немесе улы заттар,
сутегі не оттегі шығаруын болдырмау үшін,
қысқа тұйықтамаңыз немесе батареяларды
зақымдамаңыз.
Ересек адамның қадағалауы
•
Бұл нәресте мониторы көмекші құрал ретінде
жасалған. Ол ересек адамның сенімді және толық
қадағалауын алмастырмайды және құралды ондай
мақсатта пайдалануға болмайды.
•
Нәресте модулін еш уақытта нәрестенің төсегіне
немесе ойнайтын манежіне қоймаңыз.
•
Нәресте мониторын орамалмен, көрпемен немесе
басқа заттармен жаппаңыз. Қатты қызып кетуі мүмкін.
•
Нәресте мониторы розеткаға қосылып тұрғанда,
розеткаға қолыңыз оңай жетіп тұруы керек.
•
Қауіпсіздік мақсатында балалардың нәресте
мониторымен ойнауына жол бермеңіз.