9
KAZ
Микротолқынды пеште пайдалануға жарамды ыдыс-аяқ
Сәйкес келетін ыдыстарды таңдау тағамды жылытуға әсер ететін маңызды факторлардың
бірі болып табылады.
ШЫНЫ ЫДЫС
Пештің ішінде пайдалану үшін қызуға төзімді әйнек, мысалы, Руrех®
жақсы сәйкес келеді.
Тағамды қыздыру кезінде шытынап кетуі мүмкін шыны ыдысты
пайдаланбаңыз. Хрустальді пайдаланбаңыз, себебі ол шытынап кетуі
мүмкін немесе ұшқын шашырауы мүмкін.
ФАРФОР ЖӘНЕ КЕРАМИКА
Микротолқынды пештерде керамикадан және қызуға төзімді әйнеке
жағылған фарфордан жасалған тәрелкелерді, табақшаларды,
табақтарды, саптыаяқтар мен шыныаяқтарды пайдалануға болады.
Жұқа фарфордан жасалған ыдысты қысқа уақытқа қыздыру үшін ғана
пайдалануға болады: ұзақ уақыт қыздырған жағдайда,
температураның өзгеруі ыдыстың немесе декоративтік қабатының
шытынауына алып келуі мүмкін. Металдандырылған жиекпен немесе
суретпен көмкерілген тәрелкелерді пайдаланбаңыз. Тұтқасы
желіммен жабыстырылған саптыаяқтарды немесе құмыраларды
пайдаланбаңыз: олардың желімі микротолқынды пеште еріп кетуі
мүмкін.
ҚЫШ-ҚҰМЫРА БҰЙЫМДАРЫ, ФАЯНС, КЕРАМИКА
Тек толық әйнеке жағылған ыдысты ғана пайдаланыңыз. Әйнеке
жағылмаған немесе жартылай әйнеке жағылған ыдысты
пайдаланбаған жөн: бұндай ыдыстар микротолқынды энергияны
шамадан тыс сіңіріп алады, ал тағамды жылыту баяулайды.
ФОЛЬГА ЖӘНЕ МЕТАЛЛ ЫДЫСТАР
ТАҒАМДЫ ЫСЫТУ ҮШІН ФОЛЬГАНЫ НЕМЕСЕ МЕТАЛЛ
ЫДЫСТЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ — микротолқынды сәуле металл
арқылы өтпейді, ал бұл өз кезегінде тағамның біркелкі жылуына
кедергі келтіреді. Бұдан бөлек ол пештің зақымдалуына алып келуі
мүмкін. Кәуаптар үшін металл шампурлардың орнына ағам
шампурларды пайдаланыңыз.
ТАҒАМҒА АРНАЛҒАН ПЛЕНКА
Тағамды жылыту немесе дайындау кезінде, ТЕК
МИКРОТОЛҚЫНДЫ РЕЖИМДЕ пленканы тағамға тигізбей
микротолқынды пештерге арналған пленкамен жабыңыз.
Қ
аз
ақ
ш
а
Summary of Contents for NN-ST25HBZPE
Page 2: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 ...
Page 30: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Русский ...
Page 58: ...Українс ька ...
Page 86: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Қазақша ...
Page 114: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Հայերե ն ...
Page 142: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Кыргыз ча ...