19
KAZ
Автобағдарламалар
Бұл функция тағамды салмағы бойынша ерітуді, қыздыруды және дайындауды
орындауға мүмкіндік береді. Санатын таңдаңыз және өнімдердің салмағын орнатыңыз.
Салмақ 990 грамға дейін грамм бойынша, ал 1 кг-нан бастап килограмм бойынша
орнатылады. Пеш «МИКРОТОЛҚЫНДАР» режиміндегі қуаттылықтың деңгейін және
дайындау уақытын автоматты түрде анықтайды. Қолайлылық үшін салмақты есептеу
әрбір санат үшін ең көп қолданылатын мөлшерлерден басталады. Қосылған судың
немесе ыдыстың салмағы қосылмаған.
■ Ескертулер
1.
Роликті сақина мен шыны айналдыратын үстелсіз пешті іске қоспаңыз.
2.
АВТОБАҒДАРЛАМАЛАРДЫ тек көрсетілген тағамдық өнімдер үшін ҒАНА пайдалану
қажет.
3.
Өнімдердің мұзын еріту және дайындау әрекеттерін көрсетілген салмаққа сәйкес
орындаңыз.
4.
Орамдағы ақпаратқа сүйенбей, өнімді әрқашан өлшеңіз.
5.
Көптеген өнімдер үшін ҰСТАУ УАҚЫТЫН орнату ұсынылады. АВТОМАТТЫ
БАҒДАРЛАМА режимінде тағам дайындауды аяқтағаннан кейін, жылу тағамның
ортасына таралуы үшін, оны кішкене уақытқа қалдырыңыз.
Автоматты режимде мұзын еріту
Автоматты режимде мұзын
еріту батырмасын қажетті
салмақ көрсетілгенше
бірнеше рет басыңыз.
«Старт» батырмасын басыңыз.
Дисплейде уақытты санау басталады.
■ Ескертулер
Пештегі тағамдық өнімнің максималды салмағы оның пішініне және мөлшеріне байланысты.
Бағдарламалар
Бағдарламаларбойынша нұсқаулар
Салмақ:
200–1000 г
Еттің, эскалоптың, сосисканың, фарштың, стейктің, балық етінің ұзақ бөліктерінің
(100 грамнан 400 грамға дейін) мұзын ерітуге арналған. «Ұсақ бөліктер»
батырмасын қажетті салмақ пайда болғанша бірнеше рет басып, «Старт»
батырмасын басыңыз. Дыбыстық сигналдар берілгенде өнімді аударыстырып,
олардың жиектерін үстінен жауып қойыңыз. Күту уақыты 15 минуттан 30 минутқа
дейінгі уақытты құрайды.
Салмақ:
600–1600 г
Еттің, тауық етінің тұтас бөліктерінің мұзын ерітуге арналған. «Ірі бөліктер»
батырмасын қажетті салмақ пайда болғанша бірнеше рет басып, «Старт»
батырмасын басыңыз. Тауықтың тұтас етінің немесе еттің ірі бөліктерінің мұзын
еріткен кезде, еттің шеттерін жауып қою қажет. Қанаттарды, сүбе еттерді, майлы
бөліктерді және сүйектерді тегіс алюминий фольганың қиығымен жабыңыз және
оны өнімде коктейльдерге арналған таяқшалармен бекітіп орналастырыңыз.
Фольганың пеш қабырғасына тиюіне жол бермеңіз. Тағам дайындау алдындағы
ұстау уақыты 1 сағаттан 2 сағатқа дейінгі уақытты құрайды. Дыбыстық сигналдар
берілгенде өнімді аударыстырып, олардың жиектерін үстінен жауып қойыңыз.
Қ
аз
ақ
ш
а
Summary of Contents for NN-ST25HBZPE
Page 2: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 ...
Page 30: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Русский ...
Page 58: ...Українс ька ...
Page 86: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Қазақша ...
Page 114: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Հայերե ն ...
Page 142: ...NN ST25JB_MPQ_ST25JW_YPQ_HPE indb 2 2018 06 29 10 40 05 Кыргыз ча ...