286
ҚАЗАҚША
Қабылдаған кездегі қарап тексеру
ЗАҚЫМ: әр ауа компрессоры жөнелту алдында
мұқият сыналады және тексеріледі. Қате
тасымалданса, компрессор зақымдалып,
жұмысында ақаулар пайда болуы мүмкін.
Жеткізілген бойда, жабдықта көзге көрініп-
көрінбейтін зақымдардың бар-жоғын тексеріп,
осындай ақауларды түзету шығындарының
алдын алыңыз. Бұл процедураны тасымалдау
контейнерінің көрінетін зақым белгілерінің бар-
жоғына қарамастан орындау керек. Бұл өнім сізге
тікелей жөнелтілген болса, кез келген зақымды
тасымалдаушыға хабарлаңыз және дереу тексеріс
ұйымдастырыңыз.
Орнату және пайдаланып сынау
процедуралары
Ауа компрессордың орны
Ауа компрессорын таза, құрғақ және жақсы
желдетілетін жерге қойыңыз. Ауа фильтрінің ауа
компрессорына жеткізілетін ауа мөлшерін азайта
алатын кедергілері болмауы тиіс. Ауа компрессоры
мен қабырға немесе ауа ағынына кедергі келтіретін
басқа заттар арасында кемінде 305 мм қашықтық
болуы тиіс. Ауа компрессорының басы мен
қаптамасы дұрыс салқындататындай етіп жасалған.
Ылғалдылық деңгейі жоғары болса, ауа шығатын
тесік жалғағышына ауа фильтрін орнатып, артық
ылғалды жоюға болады. Дұрыс орнату жолын ауа
фильтрімен бірге жеткізілетін нұсқаулардан қараңыз.
Ауа компрессорын тегіс жерге қойып, резеңке
табандары жерге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Құлау қаупі
ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР
Ауа компрессоры үстелден, жұмыс орнынан
немесе шатырдан құлауы мүмкін. Ондай
жағдайда, компрессорға зақым келуі мүмкін және
пайдаланушы ауыр жарақат алуы немесе мерт
болуы мүмкін.
ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТӘСІЛІ
Компрессор байқаусызда қозғалып кетпеуі үшін,
компрессорды міндетті түрде орнықты және
қауіпсіз жерде пайдаланыңыз. Компрессорды
шатырда немесе басқа биік жерлерде мүлде
пайдалануға болмайды. Биік жерлерде қосымша
ауа шлангісін пайдаланыңыз.
Жұмыс температурасы
Бұл компрессордың жұмыс температурасы 0 °C
және 40 °C аралығын құрайды.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Компрессорды 0 °C-тан
төмен және 40 °C-тан жоғары температурада
мүлде пайдалануға болмайды.
Жұмыс циклі
Makita компаниясы шығарған барлық ауа
компрессорларын 50%-дан аспайтын
жұмыс циклінде пайдаланған жөн. Яғни ауа
компрессорының бір сағат ішінде ауаны 50%-дан
артық айдауы қате пайдалану жағдайы болып
есептеледі, себебі ауа компрессор қажетті ауа
мөлшері бойынша сәйкес келмейді.
Түтіктер
Пластиктен немесе ПВХ-дан жасалған түтік сығылған
ауамен пайдалануға арналмаған. Номиналды
қысымға қарамастан, пластик түтік ауа қысымынан
жарылуы мүмкін. Ауа тарату желілерінде тек металл
түтікті пайдалану керек. Түтіктерді пайдалану қажет
болса, ауа баллонының ауа шығатын тесігімен бірдей
немесе одан үлкен түтікті пайдаланыңыз. Кішкентай
түтіктер ауа ағынын шектейді. Түтіктің ұзындығы 30,5
м-ден артық болса, одан кейінгі өлшемі үлкен түтікті
пайдаланыңыз. Жер асты түтіктерін қату сызығынан
төмен көміңіз және конденсат жиналып, қатуы
мүмкін қалталар арқылы түтік жүргізбеңіз. Жер асты
түтіктерін көмбей тұрып, ешбір құбыр буынынан ауа
шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор қорғау жүйесі
Компрессордың аккумулятор қорғау жүйесі бар.
Компрессор мен аккумулятордың қызмет ету
мерзімін ұзарту үшін, бұл жүйе мотордың қуат көзін
автоматты түрде өшіреді. Компрессор/аккумулятор
төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса,
компрессор жұмыс барысында автоматты түрде
тоқтайды.
Тым көп күш түсуі
Компрессор/аккумулятор тым көп ток тартатындай
етіп пайдаланылып жатыр. Бұл жағдайда,
компрессорды өшіріңіз және компрессорға шамадан
тыс күш түсірген жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін
қайта іске қосу үшін компрессорды қосыңыз.
Компрессор іске қосылмаса, аккумулятор қызып
кеткен. Бұл жағдайда, компрессорды қайта іске
қосудан бұрын, аккумуляторды суытып алыңыз.
Аккумулятордың төмен кернеуі
Аккумулятордың қалған қуаты тым аз және
компрессор істемейді. Құралды қоссаңыз, мотор
қайтадан іске қосылады, бірақ көп ұзамай тоқтайды.
Бұл жағдайда аккумулятор картриджін шығарып,
зарядтаңыз.
Басқа ақаулардан қорғау
Қорғау жүйесі компрессорды зақымдай алатын басқа
себептерден де қорғап, құралдың автоматты түрде
тоқтауына мүмкіндік береді. Компрессор уақытша
тоқтатылғанда немесе жұмысы тоқтатылғанда,
төмендегі әрекеттердің бәрін орындап, тоқтауға
себеп болған жағдайларды жойыңыз.
1. Компрессорды өшіріп, сосын қайта қосыңыз.
2. Аккумуляторды зарядтаңыз немесе оның
орнына зарядталған аккумулятор салыңыз.
3. Компрессор мен аккумуляторды суытыңыз.
Қорғау жүйесін қалпына келтіру арқылы жақсарту
болмаса, Makita компаниясының жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.