285
ҚАЗАҚША
20.
Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тек түпнұсқа Makita
аккумляторларын пайдаланыңыз.
Түпнұсқа
емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген
аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт,
жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын
аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол
сондай-ақ Makita құралы мен зарядтау құрылғысы
үшін Makita кепілдігінің күшін жояды.
Аккумулятордың максималды
қызмет ету мерзімін сақтау
бойынша кеңестер
1.
Аккумулятор картриджін қуаты толығымен
таусылмас бұрын зарядтаңыз. Электр
құралының қуаты аз екендігін байқаған
кезде, құрал жұмысын тоқтатып,
аккумулятор картриджін зарядтаңыз.
2.
Толығымен зарядталған аккумулятор
картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз.
Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету
мерзімін қысқартады.
3.
Аккумулятор картриджін 10 °C – 40 °C
(50 °F – 104 °F) бөлме температурасында
зарядтаңыз. Зарядтамас бұрын аккумулятор
картриджін суытыңыз.
4.
Аккумулятор картриджін пайдаланбаған
уақытта оны құралдан немесе зарядтау
құрылғысынан алып тастаңыз.
5.
Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт
бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған
болсаңыз, оны зарядтаңыз.
КІРІСПЕ
Негізгі ақпарат
Осы ауа компрессорының ұзақ уақыт бойы істеуге
арналған және техникалық күтімді қажет етпейтін
майсыз сорғысы бар.
Компрессорды тиісті номиналды пневматикалық
шеге қаққыштар мен степлерлерге пайдалануға
болады. Бұл жұмыс түрлері үшін ауа қысымының
реттеуіші қамтамасыз етілген.
Пайдалану мақсаты
Осы ауа компрессоры кәсіпқойлардың шеге
қаққыштармен және степлерлермен фиништік
жұмыстар орындауына арналған.
ЕСКЕРТУ:
Компрессорды тиісті
номиналды шеге қаққышпен немесе
степлермен орындалатын жұмыстан басқа
жұмыс түрлеріне пайдалануға болмайды.
Компрессорды басқа жұмыс түрлеріне
пайдалансаңыз, мүлікке зақым келуі және адам
жарақаттануы мүмкін.
Ауаны реттеу және/немесе ылғал мен кірді
кетіру функцияларын біріктіретін бөлек ауа
трансформаторлары қажетінше пайдаланылуы
керек.
ЕСКЕРТУ:
Манометрді тек анықтама
алу үшін пайдаланыңыз. Заттарды үрлеген
кезде және одан кейін, калибрленген өлшеу
жабдығымен ауа қысымын тексеріңіз.
Бөлшектердің сипаттамасы
►
Сурет1
1
Ауа фильтрі (ауа кірісі)
2
Аккумулятор картриджі
3
Тасу тұтқасы
4
Қосу/автоматты өшіру
ауыстырғышы
5
Реттеуіш
6
Шығыс қысымның
манометрі
7
Ауа шығатын тесік (ішкі
бұранда, 1/4 дюйм)
8
Тез алынатын муфта
(елден елге әртүрлі
болады)
9
Баллон манометрі
10
Сақтандырғыш клапан
11
Ағызу клапаны
12
Ауа баллоны
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Міндетті түрде Makita өнімімен пайдалануға ұсынылған керек-жарақ
пен қондырмаларды пайдаланыңыз. Әйтпесе, адам жарақаттануы мүмкін. Керек-жарақ пен
қондырмаларды мақсаттарына сай пайдалану керек. Қандай да бір көмек қажет болса, тұрғылықты
жеріңіздегі Makita сервистік орталығына хабарласыңыз.
Глоссарий
МПа (мегапаскаль):
қысымның метрлік өлшем
бірлігі. 1 мегапаскаль 10 барға тең.
Қосылу қысымы:
мотор өшіп тұрғанда керек-
жарақты немесе пневматикалық құралды пайдалана
берсеңіз, ауа баллонындағы қысым азаяды.
Баллондағы қысым төмендеп, белгілі деңгейге
жеткенде, мотор автоматты түрде қайта іске
қосылады. Қайта қосылған кездегі қысым "қосылу
қысымы" деп аталады.
Өшірілу қысымы:
қосылған ауа компрессоры істей
бастайды, ауа баллонында ауа қысымы көтеріле
бастайды. Мотор ауа баллонындағы қысым белгілі
деңгейге дейін көтерілгенде автоматты түрде өшеді,
осылайша ауа баллоны есептелген қысымнан
жоғары қысымнан қорғалады. Моторды өшіретін
қысым "өшірілу қысымы" деп аталады.