27
Басты экран
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
•
Түрту:
саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді,
төте жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді
таңдайды.
•
Түрту және ұстап тұру:
экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
•
Сүйреу:
элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да,
саусақты көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше
экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда
элементтерді сүйреуге болады.
•
Жүргізу немесе сырғыту:
жүргізу (жанап өту) немесе
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
•
Екі рет түрту:
веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі
рет түртіңіз.
•
Масштабтау үшін шымшу:
шолғышты, карталар
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді
шолу кезінде үлкейту немесе кішірейту үшін шымшу не ашу
қозғалысымен екінші саусағыңыз бен бас бармағыңызды
пайдаланыңыз.
•
Экранды бұру:
көп қосымшаларда және мәзірлерде
экранның бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай
реттеледі.
Басты экран