41
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
ПАЙДАЛАНУ
ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ
Мұздатқыш ларьдің температурасын өзгерту үшін, «+» немесе «–» батырмала-
рын басыңыз. Температура -14°C-ден -22°C-ге дейінгі ауқымда реттеледі. Тез мұздату
режимін іске қосу үшін, «Super» батырмасын басыңыз, сонда дисплейде “SF” жазуы
пайда болады. Мұздатқыш ларьге азық-
түлікті осы режимді қосқаннан кейін 4-6
сағаттан соң салу керек. Тез қатыру режимін
айыру үшін “Super” батырмасын басыңыз
немесе қосқаннан кейін 52 сағаттан соң
бұрын қойылған температура параметрлері
автоматты түрде оралады.
Басқару панелі 30 секундтан соң автоматты түрде бұғатталады. Бұғаттаудан
шешу үшін, «+» немесе «–» батырмаларын 3 сек бойы басып тұрыңыз.
Егер мұздатқыш ларь ішіндегі температура -8°C-ден жоғары көтерілсе, дыбыстық
хабарлау қосылады және дисплейде «ht» жазбасы пайда болады. Хабарлауды айыру
үшін басқару панеліндегі кез келген батырманы басыңыз немесе автоматты түрде
айырылуын күтіңіз (температура -12°C-ге дейін түскеннен кейін).
*Жоғарыда келтірілген температуралық көрсет-кіштер бұйымның орнатылу
жеріне, пайдалану түріне және басқа да сыртқы әсер ету факторларына байла-
нысты нақты көрсеткіштерден ерекшеленуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш ларьдің желдеткіш саңылауларын
көлегейлемеңіз және олардың бітеліп қалуына жол бермеңіз. Салқын ауаның
үздіксіз айналуы камера ішіндегі тұрақты температураны сақтауға
мүмкіндік береді.
АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ МҰЗДАТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМ-ДАР
Ұзақ уақыт сақталуы жоспарланған жаңа өнімдер мен балықты ең төменгі
температурада мұздату ұсынылады. Тез мұздату тағам өнімдері ішінде ұсақ мұз
кристалдарының пайда болуына жол бермейді, олардың дәмдік сапасын бұзбайды.
Бұл ретте ерігеннен кейін азық-түліктердің бастапқы балғындығы мен сапасы
сақталады.
Тез мұздату үшін ең төменгі температураны орнатыңыз және азық-түліктерді
мұздатқыш камераға салмас бұрын, 5-6 сағат күтіңіз. Өнімдерді мұздату
жылдамдығы бір реттік жүктеме массасына байланысты: бір уақытта салынған азық-
түліктердің массасы неғұрлым көп болса, мұздату уақыты соғұрлым ұзақ болады.
Тез мұздағаннан кейін температураны бастапқы күйіне қойыңыз. 24 сағаттан аспай-
тын жылдам мұздату режимін пайдалану ұсынылады. Электронды басқарылатын
модельдер 52 сағаттан кейін автоматты түрде бұрын қолданылған жұмыс режиміне
оралады.
• Банан мен қауын сияқты тез бұзылатын тағамдарды мұздатқыш ларьде төмен