KAZ
120
Алдын ала тексеріп шығыңыз!
Құрылғының қауіпсіз күйін тексеріп шығыңыз:
– Айқын ақаулардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
– Құрылғының барлық бөліктерінің орнықты етіп
монтаждалғанын тексеріңіз.
– Барлық газ қосылымдарының
саңылаусыздығын тексеріп шығыңыз.
– Барлық айналмалы реттегіштердің ӨШІРУЛІ
күйінде екенін тексеріп шығыңыз.
– Гриль жабынын толықтай ашыңыз.
Оталдыру
Оталдырудан бұрын
– Гриль жабынын толықтай ашыңыз.
– Қуырып пісіру аймағын мұқият тазалап
шығыңыз.
– Баллон клапанын толықтай ашып қойыңыз.
Пьезо тұтату түймесімен тұтату
– Сол жақ айналмалы реттегішті басыңыз,
«үлкен жалынға» орнатыңыз жəне дəл сол
мезетте оталдыру түймесін басыңыз.
– Оталдыру түймесін газ жанғанша басыңыз.
– Ешқандай оталу орын алмағанда, оттықты
ӨШІРУЛІ
күйіне орнатып, əрекетті қайталап
шығыңыз.
– Егер үш əрекеттен кейін оттық оталмаса, бал-
лон клапанын жауып, жиналған газ буға
айналғанша 5
минут күте тұрыңыз.
– Оң жақ айналмалы реттегішті басып, оттықты
тұтату үшін «үлкен жалын» бағытымен
бұраңыз.
Қолмен тұтату
– Баллон клапанын толықтай ашып қойыңыз.
– Тиісті айналмалы реттегішті басыңыз, «үлкен
жалынға» орнатыңыз жəне дəл сол мезетте
мүмкіндігінше ең ұзақ жанатын сіріңкені гриль
түпқоймасының бүйіріндегі тесік арқылы
өткізіңіз.
– Басқа оттықты тұтату үшін айналмалы ретте-
гішті басып, «үлкен жалынға» орнатыңыз.
Жалын өздігінен таралады.
Жалын биіктігін реттеу
•
Реттегішті сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз
= жалын жоқ.
•
Реттегішті сағат тілінің бағытымен бұраңыз
=
үлкен жалын.
Тым үлкен, жылтылдайтын жалын жəне сары
ұшты жалын ластанған оттық шүмектерін біл-
діреді.
– Тиісті оттықты өшіру үшін, реттегішті сағат
тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
– Баллон клапанын толықтай жауып қойыңыз.
Қуырып пісіру
– Өнім қалдықтарын кетіру үшін, грильді алғаш
рет пайдалану алдында 30 минуттай ең
жоғары сатыға тағамсыз пайдаланыңыз.
– Пайдалану алдында гриль торына кішкене ас
майын жағыңыз.
– Грильді пайдалану алдында кем дегенде 5–10
минут ішінде қақпағын жауып алдын ала
қыздырыңыз. Қол жеткізілген температураны
кіріктірілген термометрде қарап шығуға
болады.
– Əрдайым қақпағын жауып қуырыңыз.
Қақпақты əр ашқан сайын пісіру уақыты
ұзарады.
ҚАУIП! Майдың ықтимал тұтануынан
күйіп қалу қаупі бар!
Майдың тұтануы
жеке меншіктің елеулі зақымдалуына
жəне ауыр жеке жарақаттарға апарып
соғуы мүмкін.
Пайдалану алдында алмалы-салмалы
май жинағышта жəне түпқоймада
майдың жиналғанын-жиналмағанын тек-
серіп шығыңыз.
Майдың тұтануына жол бермеу үшін,
артық майды кетіріңіз.
ҚАУIП! Өртену қаупі бар!
Жабынды
оталдыру алдында əркез толықтай ашып
қойыңыз.
Қуырып пісіру аймағының үстінен
еңкеймеңіз!
ҚАУIП! Өртену қаупі бар!
Гриль
жабыны жабық болғанда, ешқашан бір
уақытта ең жоғары сатыда екі оттықтан
артық пайдаланбаңыз.
Gasgrill_428994_405657_406050_406051_405656.book Seite 120 Dienstag, 17. Dezember 2019 12:29 12