92
93
KZ
Электр жетегі бар сүтсауғыш
12/211 үлгісі
БҰЙЫМ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТ
Электр жетегі бар сүтсауғыш (бұдан әрі — «сүтсауғыш») емшек емізу мүмкіндігі болмаған кезде
баланы тамақтандыру үшін емшек сүтін сүзуге арналған. Сүтті сүзіп алу сүт шығуын қолдайды, анасы
болмаған кезде баланы тамақтандыруға және күтпеген оқиға (дәрілерді қабылдау қажеттілігі,
ауруханаға жатқызу, емшек жарылуы және т. б.) үшін сүт қорын жасауды жоспарлауға мүмкіндік
береді.
• Бұйым жеке пайдалануға арналған. Оны бірнеше пайдаланушылардың қолдануы денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін.
• Сүтсауғыштың кепілдік пайдалану мерзімі: 2 жыл. Құжатты сатып алуды растайтын бүкіл кепілдік
мерзімі ішінде сақтаңыз.
• Бұйымды пайдаланар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып мұқият танысыңыз және
белгіленген пайдалану ережелерін қатаң түрде орындаңыз.
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйыммен бірге сақтаңыз.
• Сүтсауғыштың қызмет мерзімі: 2 жыл. Силиконды бөлшектердің қызмет мерзімі: 2 жыл. Силиконды
бөлшектері уақыт өте келе бастапқы түсін жоғалтуы мүмкін. Түсі өзгерген немесе қызмет мерзімі
аяқталған кезде оларды ауыстыру керек.
СҮТСАУҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫНА ҚАТАҢ СӘЙКЕСТІКТЕ ҚОЛДАНЫҢЫЗ. БҰЙЫМДЫ
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ САЛДАРЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ДАЙЫНДАУШЫ КӨТЕРМЕЙДІ.
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАҒАН АҚАУЛЫҚТАР КЕПІЛДІКТІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ
ӨНІМ САПАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПТАРДЫ ҚОЮ ҮШІН НЕГІЗДЕМЕ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
Бұйымды жөндеу немесе оның құрылмасына уәкілетті емес тұлғалардың қандай болса да өзге
араласуы қауіп төндіреді және кепілдікті міндеттемелердің тоқтатуына әкеп соқтырады.
ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электр аспаптарын пайдалану кезінде келесі сақтық шараларын сақтау керек:
•
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Электр тоғымен зақымдалуға және өртенуге жол бермеу үшін аспапты,
қуаттау блогын және кабельді суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Құралдың
ішіне ылғалдың түсуіне жол бермеңіз. Ылғалды қолмен аспапты желіге қоспаңыз және желіге
қосылған аспапқа тимеңіз.
• Желіге алғаш рет қосар алдында аспаптың есептелген кернеуі желінің кернеуіне сәйкес
келетіндігіне көз жеткізіңіз (сүтсауғыш 100–240 В кернеуге есептелген).
• Аспапты артық қызудан қорғанысы бар жарамды қуаттау көзіне ғана қосыңыз.
• Электрлік ұзартқышты пайдаланған кезде оның дұрыс қосылуына және қауіпсіздік талаптарына
сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
• Электрлік ұзартқыштарға қойылатын талаптар:
1. Ұзартқышқа есептеліп, барынша рұқсат етілген жүктемені асырмаңыз (ұзартқыштың және оған
қосылған аспаптардың техникалық сипаттамаларын қараңыз).
2. CE таңбаламасы бар ұзартқыштарды пайдаланыңыз.
3. Зақымдалған ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.
4. Ұзартқышты, ол салбырамай және өтуге кедергі жасамайтындай, балалардың қолы жетпейтін
жерде орналастырыңыз.
• Желіге қосылған аспапты қараусыз қалдырмаңыз.
• Штепсельді розеткадан алып шығару үшін розетканы ұстаңыз, кабельді тартпаңыз.
• Сымдарды жиһаз астында және олардың техникалық күйін бақылауға кедергі жасайтын басқа
заттардың астында орналастырмаңыз.
• Аспапты газ/электр плитасына, қызған тұмшапешке және олардың жанында қоймаңыз.
Құралды тікелей күн сәулесінің әсеріне ұшыратпаңыз. Сымдарды ыстық беткі қабаттардың,
қыздырушы аспаптардың және басқа жылу көздерінің жанында қоймаңыз.
• Тазалау алдында аспапты желіден ажыратыңыз.
•
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Штепселі немесе кабелі бұзылған кезде, жұмыс барысында іркіліс
болғанда немесе басқа ақаулықтар анықталғанда аспапты пайдаланбаңыз.
• Қандай болса да бөлшегі болмаған немесе зақымданған кезде аспапты пайдаланбаңыз.
Зақымданған және тозған бөлшектерді дереу ауыстырыңыз, тек түпнұсқалы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.
• Аспапты және оның керек-жарақтарын пайдалану ережелерін орындаңыз.
• Аспапты денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдармен пайдалану олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлғаның көмегімен және байқауымен ғана рұқсат етіледі.
• Аспапты денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар немесе балалардың жанында пайдаланған
кезде оларды қараусыз қалдырмаңыз.
• Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Аспапты электрмен қуаттау үшін жеткізу жиынтығына кіретін қуаттау блогын ғана
пайдаланыңыз. Басқа қуаттау блоктарын пайдаланбаңыз. Басқа құрылғыларды электрмен
қуаттауға арналған қуаттау блогын пайдаланбаңыз.
• Қуаттау блогы зақымданған кезде оны түпнұсқалы қуаттау блогына ауыстырыңыз.
• Аспапты өз бетіңізбен жөндемеңіз. Электр аспаптар жөндеуді оған уәкілетті біліктілігі бар
тұлғалар ғана орындауы тиіс (авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз).
• Жөндеу немесе уәкілетті емес тұлғалардың басқа араласу белгілері бар болған бұйымға
кепілдік қолданылмайды.
• Дайындаушы бұйымға құрылмалық және өзге техникалық өзгертулерді енгізу құқығын өзіне
қалдырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ОРЫНДАМАУ АСПАПТЫҢ ЖОЮҒА КЕЛМЕЙТІН
ЗАҚЫМЫНА НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТҚА ӘКЕП СОҚТЫРУЫ МҮМКІН.
• Аспапты оның тағайындалуы бойынша ғана пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
пайдаланыңыз. Оның тағайындалуы бойынша пайдаланбау кепілдік шарттарын бұзады.
• Аспапты пайдаланған сайын тексеріңіз. Зақымдарды анықтаған кезде оны пайдаланбаңыз;
дайындаушыға немесе өнім сапасы бойынша талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға
жүгініңіз.
• Аспап қатты беткі қабатқа құлаған жағдайда оны пайдаланбаңыз және тексеру үшін сервис
орталығына жүгініңіз.
• Су процедуралар барысында аспапты пайдаланбаңыз.
• Аспапты ваннада, шұңғылшаның жанында және сумен немесе басқа да сұйықтықтармен жанасу
болатын жерлерде пайдаланбаңыз.
• Аспап суға немесе басқа сұйықтыққа құлаған жағдайда оған тимеңіз. Егер аспап желіге
қосылған болса, оны розеткадан дереу ажыратыңыз.
Сүтсауғыш екі жұмыс режимі бар екі фазалы сүт сүзу жүйесімен жабдықталған: «Стимуляция»
және «Сүт сүзу».
Әрбір режимде 9 қарқындылық деңгейі қолжетімді.
Емшек сүті — алғашқы тіршілік ететін балалар үшін өте пайдалы және құнарлы тамақ. Баланы 6
айға дейін тек емшек сүтімен ғана тамақтандыру ұсынылады, ал кейін біртіндеп қосымша тамақ
беруге болады.
Физиологиялық мәселелер туындаған кезде медициналық жәрдемге дереу жүгініңіз.
Қосымша қауіпсіз пайдалану ережелері
• Сүтсауғышты жүктелік кезінде пайдаланбаңыз, себебі бұл босану толғағын тудыруы мүмкін.
• Егер сіз ауыруды немесе емшек емізетін кезде басқа да қиыншылықтарды сезінетін болсаңыз,
сүтсауғышты пайдаланар алдында емшек емізу жөніндегі кеңесшіге жүгініңіз.
• Сүтті бірінше рет сүзуді маманың бақылауымен орындауға ұсынылады.
• Емшек емізу мәселелеріне арналған арнайы әдебиетпен танысу ұсынылады.
• Сүтсауғышты әр пайдалану алдында және одан кейін сүтпен жанасатын барлық бөлшектерді
жуыңыз және зарарсыздандырыңыз.
• Сүтсауғыштың электр бөлшектерін суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз. Оларды
ағынды сумен жумаңыз және ылғалды матамен сүртпеңіз.
• Сүтсауғышқа күтім жасаған кезде күйдіргіш және абразивті жуғыш құралдарды пайдаланбаңыз.
• Қатты шаршаған немесе ұйқы күйінде сүтсауғышты пайдаланбаңыз.
• Пайдалану ережелерін бұзу сүтсауғыштың зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін.
• Сүтсауғыш тұрмыс жағдайларында пайдалануға арналған. Оны тек орынжайда ғана
пайдаланыңыз.
• Сүтсауғышты далада пайдаланбаңыз.
• Ауа райы суық кезінде тасымалдағаннан кейін сүтсауғышты бөлме температурасында ұстаңыз.
• Іске қосар алдында сүтсауғышты мұқият қараңыз және дұрыс құрастырылғанын тексеріңіз.
• Кезең аяқталғанша сүтсауғышты тоқтату үшін қуаттауды іске қосу/сөндіру батырмасын
пайдаланыңыз.
• Сүтсауғыш балалардың пайдалануына арналмаған. Сүтсауғышты және оның бөлшектерін
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және пайдаланыңыз.
• Сүтсауғыштың электр блогын бөлшектемеңіз.
• Басқа дайындаушылардың қуаттау блоктарын пайдаланбаңыз.
• Сүтсауғыштың құрылымына өзгертулерді енгізбеңіз. Осы талапты орындамау сатып алған
бұйымға қатысты сәйкестілік туралы декларацияны қолдануды тоқтатады.
• Бұйымның қауіпсіздігімен байланысты мәселелер туындаған кезде дайындаушыға немесе өнім
сапасына қойылатын талаптарды қабылдауға уәкілетті ұйымға жүгініңіз.
• Дайындаушы бұйымға техникалық өзгертулерді енгізген кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулық
та тиісті түрінде өзгеруі мүмкін.
Қоқыс контейнері сызылған белгісі бұйымды қалдықтардың басқа түрлерінен
бөлек кәдеге жаратуды білдіреді. Қалдықтармен тиіссіз айналысу салдарынан
қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіруді болдырмау
үшін, сондай-ақ ресурстарды үнемдеу мақсатында сүтсауғышты тұрмыс
қалдықтарымен бірге лақтырмаңыз — оны қайта өңдеу үшін тапсырыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату үшін жауапты
болатын жергілікті ұйымдарға немесе бұйым сатушысына/жеткізушісіне
жүгініңіз. Бұйым және ол туралы ақпарат «Электрлік және электрондық
жабдықтың қалдықтары туралы» 2012/19/EU Директивасының талаптарына
сәйкес келеді.
CE белгісі сәйкестілікті растау рәсімдерінен өткенін және оған қолданылатын
ЕО директиваларының және үйлестірілген стандарттардың, соның ішінде
«Белгілі бір кернеу диапазонында жұмыс істеуге арналған электр жабдықтары
туралы» 2014/35/EU Директивасының, «Электр үйлесімділігі туралы» 2014/30/
EU Директивасының және «Электр және электрондық жабдықта қауіпті заттарды
пайдалануды шектеу туралы» 2011/65/EU Директивасының талаптарына сәйкес
келетінін көрсетеді.
Электр тогымен зақымданудан қорғаудың класы: III
Бұйым ойыншық болып табылмайды. Балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты бұйымды пайдаланудың бүкіл кезеңі ішінде сақтау ұсынылады.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Ішкі қуаттау көзі 3,7 В; 1200 мА·сағ
Желіден электр қуаттау 100–240 В; 50/60 Гц
Ең жоғары қуаты 5 Вт
• Сүтсауғышты таза ұстау керек. Аспап жұмысының бұзылуына жол бермеу үшін оның ішінде шаңның
немесе басқа кірдің жиналуын болдырмаңыз.
• Сүтсауғыштың электр блогын, қуаттау блогы мен USB кабелін суламаңыз.
• Сумен жууға тыйым салынған басқа бөлшектерге су түсуіне жол бермеңіз.
• Сүтсауғышты пайдаланған кезде гигиена ережелерін орындаңыз. Өз денсаулығыңызды және
баланың денсаулығын сақтаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сүт сүзу кезінде ауырғанды сезіну, оның жеткіліксіз тиімділігі және сүттің
аз шығуы сүт сүзу қарқындылығын дұрыс таңдамау арқылы туындауы мүмкін. Осындай мәселе
туындаған кезде оның деңгейін реттеңіз.
KZ
12_211reb_p_instrukcja laktator_elektr_ms001.indd 92-93
12_211reb_p_instrukcja laktator_elektr_ms001.indd 92-93
04.11.2022 13:03:05
04.11.2022 13:03:05