22
23
KZ
KZ
•
Құрал корпусын, желі бауы және желілік баудың
айырын су қолмен ұстамаңыз.
•
Жұмыс кезінде құралды тұтқа аймағынан ғана
ұстаңыз, жұмыс бетіне тиіспеңіз.
•
Құралды ыстық беттерін бетке, мойынға және
басқа да дене мүшелеріне жанасуын болдыр-
маңыз.
Жұмыс беті электр желісінен құралды ажы-
ратқаннан кейін бірнеше уақыт әлі ыстық күйінде
қалады. Абай болыңыз!
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағала-
усыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Балаларға полиэтилен пакеттерімен немесе қап-
тама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу
қаупі бар!
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса) немесе
оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану
туралы нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап
олардың пайдалануына арналмаған.
•
Желі бауының бүтіндігін жүйелі түрде тексеріп
отырыңыз.
•
Желі бауы зақымданғанда қауіп тудырмау үшін
оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе бала-
малы білікті маман ауыстыруы тиіс.
•
Құралды өздігіңізден жөндеуге тыйым салынады.
Құралды өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез-кел-
ген ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ
құрал құлағаннан кейін оны электр желісінен
ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
•
Құралдың зақымдануына жол бермеу үшін тек
зауыттық қаптамасының ішінде тасымалдаңыз.
•
Құралды салқын және құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жет-
пейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АР-
НАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға-
рыңыз және пайдалану алдында 3 сағат күтіңіз.
•
Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын алып тастаңыз.
•
Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
•
Жинақталымын тексеріңіз.
•
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалануға беру
жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.
•
Құралды зақымдануына қатысты тексеріп
алыңыз, зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
•
Құралдың көрсетілген қуаттандыру кернеуі пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. Құралды 60 Гц жиіліктегі
электр желісінде пайдаланған кезде ешқандай
қосымша әрекет қажет емес.
•
Шаңды жою үшін құралды таза, аздап дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
•
Құралды пайдалану барысында желі бауын толық
ұзындығы бойынша тарқатыңыз.
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
•
Түзеткішті тегіс, тұрақты, термотөзімді бетке
орналастырыңыз. Жұмыс пластиналары мен сы-
ртқы беттері тез балқитын немесе тез тұтанатын
заттармен жанаспауын қадағалаңыз.
•
Құралды боялмаған және шашқа арналған хими-
ялық заттармен бұйраланбаған, сау шашты түзету
үшін пайдаланыңыз.
•
Егер шаш боялған немесе химиялық бұйралауға
ұшыраған болса, онда түзеткішті сирек пайдала-
ныңыз.
•
Шашты түзер алдында сусабынмен жуыңыз, сүл-
гімен сүртіңіз, фенмен кептіріңіз және тараңыз.
•
Жұмыс пластиналарын (4) қысыңыз және бекіткіш-
ке (1) басыңыз.
•
Түзеткішті тегіс, тұрақты және термотөзімді бетке
қойыңыз.
•
Желілік баудың айырын электрлік розеткаға
салыңыз, осы кезде дисплейге (5) «OFF» белгілері
шығады.
•
Түзеткішті қосыңыз, ол үшін қосу/өшіру түймелерін
(2) « » басып, ұстап тұрыңыз, осы кезде ди-
сплейде (5) көмескі жарық жанады, дисплейге (5)
температураның жанып-өшетін сандық белгілері
«210 °С» градус және дисплейдің (5) оң жақынан
қыздыру шкаласы шығады, «210 °С» градус тем-
пературасы әдепкі қалпы бойынша орнатылған.
•
Ескертпе:
— бірінші рет пайдаланған кезде
қыздыру элементінен бөтен иістің пайда болуы
мүмкін, бұл қалыпты жағдай және кепілдік оқиғасы
болып табылмайды.
•
Жұмыс пластиналарының қыздырудың қажетті
температурасын «-/+» (3) түймелерін басу арқылы
орната аласыз.
•
Түзеткіш балалардың қолдануына арналмаған.
•
Құралды ойыншық ретінде пайдалануын болдыр-
мау үшін балаларды қадағалаңыз.
•
Құрал жұмыс істеп тұрғанда балалардың жұмыс
бетіне, құралдың корпусына, желі бауына немесе
желілік баудың айырына тиюіне рұқсат бермеңіз.
•
Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
жүрген болса, онда ерекше мұқият болыңыз.